БАҚ: Ресей Ердоғанды ажалдан аман алып қалды
фото: РИА Новости
Түркия ұлттық барлау қызметі елде әскери төңкеріс басталардан бірнеше сағат бұрын Ресей Қорғаныс министрлігінен бұл жөнінде ескерту алып үлгерген.
Осыдан Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған аман қалған деп хабарлайды шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап ras.kz.
Агенттіктің хабарына қарағанда, Анкарадағы дипломатиялық мәнбелер бірқатар араб бұқаралық ақпарат құралдары осы жайында айтып берген. Мәнбелер әскери төңкеріс жөніндегі дабылды Ресей Қорғаныс министрлігінен алған.
Сол бойда ақпар президентке жеткізілген. Бұл кезде Ердоған отбасы мүшелерімен бірге Мармарис қаласындағы қонақүйде демалып жатқан. Дабыл жетісімен мемлекет басшысы көп кідірмей, отбасын алып, ол жерден кетіп қалған.
Елшілердің айтуынша, сол аймақта тұрған Ресей әскері әскерилердің бір-бірлерімен сөйлескен сөздерін эфирден қағып алып, сол радиохабарлардың кодын ашқан. Онда түрік армиясының Анкара билігіне қарсы көтерілгелі жатқаны айтылған.
Әскерилер өзара келіссөздері барысында Мармаристе Ердоған орналасқан қонақүйге бірнеше әскери ұшақ жіберуге келіскен. Олардың мақсаттары президентті не қамауға алу, не сол жерде жойып жіберу болған.
newstaraz.kz