Бақытбек Есентаев Баянға опасыздығы үшін қол көтергенін мойындады
Фото: instagram
«Зардап шеккен тараптың қорғаушысы Марат Асқарбеков жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді. Осы орайда, біз алғашқы сот инстанциясының шешімін қайта қарауды өтінеміз. Өйткені, сот менің қорғалушымның әрекетін адам өміріне қастандық жасады деп шешті», — деп мәлімдеді Жексейітов.
Қорғаушының пікірінше, Есентаевқа қатысты іс «Денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қаралуы тиіс.
«Біз Бақытбек Есентаевтың бұрын сотталмағанын және Есентаеваның тұрмыстағы келіншек бола тұра басқамен көңіл жарастырғанын ескере келе, оның жазасын жеңілдетуді сұраймыз. Баян бұл туралы өзі мойындаған болатын. Басқамен кездесіп жүргенін алғашқы сот отырысында айтты, алайда сот оны елемеді. Осыны ескере отырып, қорғалушыма жеңіл жаза кесуін немесе шартты түрде босатуын сұраймыз», – деп атап өтті қорғаушы.
Жексейітовтің айтуынша, сот процессі кезінде Есентаев болған оқиғаға әйелінің опасыздығы себеп болғанын бірнеше мәрте айтқан.
«Иә, маған опасыздық жасағаны үшін оған қол көтердім. Мен бұрынғы әйелімнің әрекеті үшін басқа адамның отбасының бұзылғанын қаламаймын», — деген Бақытбек Есентаев.
newstaraz.kz