Новости на Newstaraz.

Бақытты болудың қарапайым 10 қағидасын білесіз бе?

newstaraz.kz

Көрнекі фото: vk.com

Бақытты болу – кез келген адамның жан қалауы. Бірақ, бәріміз бақыттымыз ба? Төмендегі келтірген мына әдістер сізге де керек болып қалуы мүмкін.

1. 10 минутыңызды спортқа арнап көріңізші…

Спорт – сіздің бақытыңызға жетелеуші алғашқы кілт. Сондай-ақ спорт түрлі ауру-сырқаудан қорғайды. Депрессияның алдын алады. Күнделікті 1440 минутыңыздың 10 минутын спортқа арнасаңыз ештеңеңіз кетпейді.

2. Ұйқыңызды қандырып жүруге тырысыңыз

Ұйқының қанық болуы денемізді ауыр күннен кейін қалпына келтіріп қана қоймай, құлшына жұмыс істеуге жәрдемдеседі. Сондай-ақ, ұйқы сізді бақыттырақ ете түседі.

3. Жақын жандармен көбірек уақыт өткізіңіз

Адамдарға отбасымен, сондай-ақ жақын адамдарымен өткізген уақыт жақсы көңіл-күй сыйлайды. Ұмытпаңыз!

4. Бақытқа жылу керек

Америкалық метеорогиялық қоғамдастыққа сүйенсек, желдің жылдамдығы немесе ылғалдылыққа қарағанда біздің көңіл-күйімізге температура көбірек әсер етеді. 

5. Өзгеге көмектесу тағы бір бақытты сезінудің жолы

Расымен де солай! Көмек қолын созып жүріңіз! Біреуге көмектесу сіздің де көңіл-күйіңізді керемет көтереді.

6. Күлкі – көңіл-күйді көтерудің оңай әдісі

Шынайы күлкі шын мәнінде сіздің уайымыңызды сейілтіп, жақсы көңіл-күйге бөлейді. Күлкі қиын жағдай кезінде қайғы мен ауырлықты жеңілдетуге көмектеседі.

7. Өзіңізге ұнайтын заттар туралы ойлана жүріңіз

Бұған дейін де ойлап жүрген боларсыз, айтыңызшы сол сәтте ойыңыз бөлініп, көңіл-күйіңіз шын мәнінде жақсы жаққа қарай өзгере түсті ме? Мысалы, саяхатқа шығатыныңыз жайлы ойдың өзі көңіліңізді көтере алады.

8. Жұмысыңызға жақындау тұрыңыз

Жұмысқа баратын жол көңіл-күйімізге қаншалықты әсер ететінін біле білмейміз. Біз айналамыздағы көптеген ыңғайсыздықтарға үйреніп кетеміз. Тек жұмысқа дейінгі ұзақ жолға үйрене алмайды екенбіз.

9. Жақсылық үшін разы болыңыз

Жақсылыққа ризашылық білдірудің көптеген тәсілін білесіз бе?. Шүкіршілік айтуға лайықты заттардың тізімін жасауыңызға болады немесе сізге көмектескен адамдарға әрдайым ризашылығыңызды білдіріңіз.

10. Жыл өткен сайын Адамдар бақыттырақ бола түседі

Жас ұлғайған сайын, әсіресе 40 жастан кейін адамдар өздерін бақыттырақ сезіне бастайды екен. Сондықтан, қартаю жайлы ойлар сізге көңілсіздік сыйласа, керісінше қуаныңыз, себебі қартайғанда сіз бақыттырақ болуыңыз мүмкін.

Дереккөз: Kazdala.kz

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »