Балаларын қан-жоса болғанша төбелестірген әке жұртты күйіндірді
Төбелес. Видеодан скриншот
Facebook әлеуметтік желісінде бір-бірін аямай төпелеп, төбелесіп жатқан екі баланың видеосы пайда болды. Видео Антикоррупция KG парақшасында жарияланды деп хабарлайды reactor.inform.kz.
Түсініктемесінде олардың қырғыз балалары екені жазылған. Сорақысы сол, жан-жағында «ұр, ұр» деп ұран тастап, қолпаштап тұрған балалардың әкелері екен. Мұны көрген желі қолданушылары жағаларын ұстады.
Ескертпе: Видеоны жүйкесі жұқа адамдарға қарауға кеңес бермейміз
Видео: Антикоррупция KG
newstaraz.kz