Новости на Newstaraz.

Батырхан Шүкеновтің анасы: Балам кісі қолынан қаза тапты деп ойлаймын

newstaraz.kz

Кадр 31-арнадан алынды

Батырхан Шүкеновтің анасы Дилара Шүкенова ұлы кісі қолынан қаза тапты деп ойлайтынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол 31-арнадағы «Ұят емес» бағдарламасында айтты.

Қайтыс боларынан төрт сағат бұрын ұлымен сөйлескен ана жүрегі оның өлімін сезгендей қобалжи бергенін айтады.

«Бір қаралы хабар еститіндей, бір топ адам үйге келіп бір жаман нәрсе айтатындай болды да тұрды. Адамдар топырлап жиналып жатқандай болды да тұрды. Ана жүрегі дейді ғой, сол сезген болуы керек. Бір жиырма минуттан кейін үйге топырлаған адамдар келіп, туыстарым жиналып естіртті ғой. Төрт сағат бұрын ғана сөйлескенмін, өлуі мүмкін емес деп айттым.

Сендер қайдағыны айтасыңдар деп қоймай қойдым. Содан кейінгісін білмеймін. Үш сағат есімнен танып жатыппын. Сол кезде қайта-қайта министрліктен хабарласып, қайда апару керектігін сұрапты. Тезірек шешіңдер, қайда апарайық деп. Туыстардың барлығы Қызылордаға әкеліңдер десе, олар қоймай қойыпты анасы шешсін деп. Сөйтіп есімді жинаған соң, тезірек шешіңіз деді туыстар», — деді ол.

«Оның мүлдем жүрегі ауырған жоқ. Кеше ғана ұлттық кардиологиялық орталықта болдым, оған дейін бір он бес күн бұрын Батыр барып қаралыпты. Артынша мен барып ота жасаттым. Сонда Батыр мамам келеді, сендер осында жатқанымды айтпаңдар деп сұрапты ғой. Ол өмірі айтпаған жүрегім ауырады деп. Тек осында істейтін Мархабат Байбосынова айтыпты: «Батыр сенің ауруың жүрегіңде емес, қалқанша безіңде проблема бар» депті. Содан қараламын деп жүріп, үлгермеді ғой. Құдайдың ісі шығар, бірақ оны жүректен кетті деп есептемеймін. Ол жүректен кеткен жоқ», — дейді Дилара Шүкенова.

«Менің ойым сол, суға бірнәрсе қосып берді ме деп ойлаймын. Балалар айтады ғой, ол өзінің кететінін білген деп. Барлығын тапсырып, бәрін көрсетіп кетті», — деген ол ұлының бұрын-соңды жүрегі ауырмағанын алға тартты.

«Осында келгеннен кейін медициналық сараптама жасайық дедік. Бірақ осындағы туыстар оны жасағанмен, сендердікі дұрыс боп шықпайды деді. Сараптаманың барлығы жүректен кетті деп жасалып қойды», — дейді ана.

«Есіл дерті баласы еді, оны өте жақсы көретін. Батырханнан кейін адам болмай қалдым ғой, жүре алмаймын, еш жерге шыға алмаймын. Көз алдыма келеді де тұрады. Жылай беремін.

Халыққа ризамын, олардың алдында жылай беруге де ұялады екенсің. Қай күндері Меладзе келіп, басына гүл қойып, жылап тұрып құшақтап жатыр. Бәріне ризамын, қазаққа да ризамын, орысқа да ризамын», — деп есіне алды ана.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »