Баян Есентаева 4 ай түрмеде отырған күйеуінің өкініп жүргенін айтты
Кадр Эльвира Ерғалинованың видеосынан алынды
Баян Есентаева төрт ай бойы түрмеде отырған күйеуі істеген ісіне өкініп жүргенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы продюсер блогер Эльвира Ерғалинаға берген сұхбатында айтты.
«Маған бұл шешімді қабылдау оңайға түскен жоқ. Төрт айда шығарылған шешім бұл. Мен күйеуіммен достық қарым-қатынаста қалғым келеді. Не дегенмен, арамызда ортақ балаларымыз бар», — деді ол.
«Төрт ай бойы түрмеде отырып, ол істеген ісіне өкінді деп ойлаймын. Барлығын, саралап, түсінді», — деді продюсер күйеуі жайында.
newstaraz.kz