Баян Мақсатқызы алқаш әйелдің рөлін сомдауға қиналғанын айтты
Баян Мақсатқызы болашақ сәбиінің есімін Алиса атамаққа бекініп отыр.
Фильмнің режиссері Ернар Нұрғалиев образды аша алмадың деп Баянды сөккен. Продюсер араққа сылқия тойып алған бикешті ойнай алмай әлекке түсіпті. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды, — деп хабарлайды Stan.kz.
«Сиситай» – отандық киноқоржын үшін, тың жанрда түсіріліп жатқан тұңғыш фильм. Баян Мақсатқызы, бұл жолы қара суықта, іш көйлекшемен билеуге мәжбүр.
Продюсер «араққұмар әйелдің» образын көрсете алмай, тығырыққа тіреліпті. Тіпті, картина режиссері – Ернар Нұрғалиевтен сөгіс естіген.
Қызығы сол, қиындықпен сомдалған кейіпкеріне, Мақсатқызының іші жылып қалған. Тіпті, болашақ сәбиінің есімін Алиса атамаққа бекініп отыр.
Фильмде Баяннан бөлек Камшат Жолдыбаев, Тұрсын Алагөзов, «Алаулық» жігіттер және бірқатар шоу бизнес өкілдері бой көрсетпек. Бұған қоса, продюсер тағы бір жас таланттың жұлдызын жағамын деп сендірді.