Бейіт басында суретке түскен Ақылбек Жеменей жұрттың ашуына тиді (фото)
Фото Ақылбек Жеменейдің Instagram парақшасынан алынды
Белгілі әнші Ақылбек Жеменей әкесінің бейітінің басында отырған суретін әлеуметтік желіге жариялаймын деп жұрттың ашуына тиді, деп хабарлайды NUR.KZ.
Танымал әншінің бұл әрекетіне наразы болған қолданушылары оған түрлі пікірлер жазып, мұндай жерде суретке түсуге де болмайтынын айтты. Ал әншінің бейіт басын суретке түсіріп қана қоймай, оны жұрттың талқысына салуы тіптен ойға қонымсыз әрі көргенсіздік екенін айтып шулады.
«Зират басына барып, фотоға түсу сұмдық қой», «Бұл суретіңіз ерсілеу енді», «Барсаң барған шығарсың. Бірақ фотоға түсіп, бұны интернетке жариялау сұмдық қой, зираттың қасында суретке түспей-ақ қойсаң болатын еді ғой», «Зиратқа бару — ол аруақтарды сыйлау. Фотоға түсіп, интернетке жариялау емес», «Орынсыз инстаграмға жіберіпсің», «Біз қазаққа зиратқа барып дұға оқу, суретке түсіруге қажет емес», — деп білдірді олар наразалықтарын.
[pt_view id=»2216c5d386″]
newstaraz.kz