Новости на Newstaraz.

Біртанов: Біз дәрігерлерді алғашқы күннен-ақ жемқорлыққа баулып жатырмыз

newstaraz.kz

Елжан Біртанов. Фото: YK-news.kz

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде жемқорлық барын мойындады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Болат Төкежанов құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бағалауына сілтеме жасай отырып, баяндамасында хабарлағандай, жемқорлық деңгейі бойынша денсаулық сақтау жүйесі Қазақстан экономикасының өзге салаларының арасында алғашқы бестікке енеді.

«Бұл жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша жұмыстардың дұрыс атқарылмай жатқандығын көрсетеді», — деді ол.

Өткен жыл мен биылғы жылдың алғашқы үш айы ішінде жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін министрлікке тікелей бағынатын денсаулық сақтау ұйымдарының тоғыз лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, олардың жетеуі сотталған.

«Біріншіден, біз денсаулық сақтау министрлігінде жемқорлықтың барын мойындаймыз және өкінішке орай, бұл жайт өршіп барады. Бұл ретте денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымы бір жақты: біз бұған жол бере алмаймыз.

Меніңше, баяндамада жемқорлық дамып тұрған аса бір маңызды сала айтылмай кеткен секілді, ол — медициналық білім беру саласы. Бұл мәселеге де жете мән беруге тиіспіз.

Жоғары оқу орындарымызда жақсы баға алу үшін оқытушыларға заңсыз сый-сияпат беру дамып келеді. Біз болашақ әріптестерімізді алғашқы күннен осындай әрекетке баулып жатырмыз», — деді Біртанов.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »