Биыл Меккеге қажылық сапары екі есеге қымбаттаған
Екі жылғы үзілістен кейін Тәжікстанның 40-тан 65 жасқа дейінгі тұрғындары Сауд Арабияға қажылыққа баруға мүмкіндік алды. Бірақ жол сапары қымбаттаған.
Тәжікстанның діни істер жөніндегі комитетінің мәліметінше, биыл қажылыққа бару құны 61 тыс сомони (5350 АҚШ доллары). 2019 жылы 35 мың сомони (сол кездегі бағам бойынша 3750 АҚШ доллары) болған.
Сауд Арабиясы Тәжікстанға биыл 3562 квота бөлген.
Биыл мұсылмандардың бес парызының бірі саналатын Меккеге қажылық сапары 20 маусымда басталып, 17 шілдеге қарай аяқталады.
Коронавирус пандемиясына байланысты соңғы екі жыл бойы қажылық сапары тоқтаған.
newstaraz.kz