Новости на Newstaraz.

«БІЗДІКІ» ДЕГЕН СӨЗ ВИРУСҚА АЙНАЛДЫ

newstaraz.kz

«Дикий Арманның» челлендж вирусқа айналды. Қылмыс әлемінде осындай лақап атпен танымал оның бастамасы әр ортада қолдау табуда. Қарапайым жұртты айтпағанда, отандық шоу-бизнес өкілдері мен шетелдік жұлдыздар да үлес қосып, видеоларын жүктеуде. Қатарында әнші Қайрат Нұртас, шоумен Нұрдәулет Шертім мен UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамбетов те бар. Осы дүрмекке еріп, «біз сізбен біргеміз, өскесін өзіңіз сияқты болғымыз келеді» деп ұрандатқан жастардың көптігі мамандарды алаңдатып отыр. Бұдан бөлек, қолына қару ұстап, «Астана біздікі» деп лепіріп сөйлеген есерсоқтың сөзін қылжаққа айналдырып, челлендж бастағандар да баршылық. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Астана наш, наш»

Басынан бақайшығына дейін қаруланып, «Астана біздікі» деп есірген мына жігіттің әрекеті жауапсыз қалмады. Былапыт сөздерді қарша боратып, «қырып саламыз» деп доқ көрсеткен «мықтыны» құзырлы органдар бірден қолға түсірді. Бұған дейін бірнеше рет сотталыпты. Енді болды, «кінәлі ұсталды, қамалды, әңгіме осымен жабылды» дегенде, оның сөзін қылжақ айналдырған видеолар әлеуметтік желілерге жан-жақтан ағылуда.

«Наш, наш…»

«Астана наш, найди нас если сможешь»

Иә, еріккен біреудің қаңсығын таңсық көріп, дым мағынасы жоқ видеодан кейін, қалай екені белгісіз әйтеуір челлендж басталып кетті осылай. Бірі келемеждеп, бірі әзілге айналдырып жұртты күлкіге қарық қылуда.

Тамақ наш, наш, всех накормлю

Креативі жақсы жұмыс істейтін кәсіпкерлер мұны жарнама құралы ретінде пайдаланып кетті. Сөз жоқ, жақсы маркетинг негізі. Тыңдап көріңізші.

«Автомойка наша»
«Кафейни все наши, наши. Всех накорним, кафейнялардың барлығы біздікі»
«Елки наши, наши, біздікі»

Осылайша «наш, наш» деген тіркес «зың, зың» сияқты аз уақытта вирусқа айналды. Жалпақ жұрт та,
отандық шоу-бизнес өкілдері де видеоларын жүктеп әлек. Енді ше? «Хит, тренд» дегенде жұлдыздар шет қалсын ба?

«Біз сізбен мақтанамыз»

Ал мына жігіт өз ілтипатын кімге білдіріп жатыр деп ойлайсыздар?

«Хочу сказать чтобы мы были все вместе, держались вместе. Молодежь это наше поколение. Спасибо всем, что столько теплых слов написали мне»

Жастардың жүрегіне «жол тапқан» бұл жігіт спортшы да, қоғам қайраткері де емес. «Жабайы Арман» лақап атымен танымал қазақстандық қылмыс әлемінің серкесі. Ал ол бастаған челленджі қолдаушылар көп.

«Вместе мы сила. Қазақстан алға, Қазақстан алға!»

«Сіз қазақтың батырысыз! Ақиқатты айтатын қазақтың батырлары көп болсын».

Челленджің мақсаты – жастар жарыса көрсетіп жатқан мына екі белгіде жатыр. Яғни, қар барысы сияқты батыл, сұр қасқырлар тәрізді ұйымшыл болу. Ал, дүрмекке ергендер арасында бесіктен белі шықпаған балалар да бар. Олар тіпті, «Аға, өскесін сіз сияқты болғымыз келеді» деп жар салуда.

«Танимысың сен мені, мен қазақтың баласы». Арман көкеме жолдаймын»

«… Сіз барыс болсаңыз, мен өскенде сізге ұқсаған арлан болам»

ЕРЖАН МЫРЗАБАЕВ, ПСИХОЛОГ:
«Әрбір жас бала өзіне авторитет, қаһарман іздейді. Бір батыр іздейді. Өкінішке орай, мемлекеттік қызметтегі адамдардың жаңалықтарда көбіне жаман жақтарынан көрсетілгендіктен, жастарға олар авторитет емес. Оларды бір қаһарман ретінде көрмейді. Қала әкімін, облыс әкімін. О бір қызметке жетті, не деген еңбектенді деп. Ал криминалды жолмен болса да, осындай атаққа жеткен азаматтарды қаһарман көреді».

Челлендждер жай ғана көңіл көтеру үшін жасалады деген ойдан түбегейлі арылуымыз керек, бұл еліктеудің пайда болған жаңа бір түрі. Яғни, бүгін қалжың деп қабылдап жатқан бұл бастама, ертең үлкен проблемаға әкелуі әбден мүмкін. Бұл психолог Ержан Мырзабаевтың пікірі.

ЕРЖАН МЫРЗАБАЕВ, ПСИХОЛОГ:
«Жастардың санасын улау мақсатында да осындай челендждер жасалады. Мысалы, осындай криминалды авторитеттер болсын немесе жағымсыз әрекеттер болсын, қолға қару алу деген сияқты болса, оларды бір челлендж жарыс, еліктеу, мақтаншақтық ретінде көрсеткенімен,негізі жастар арасында криминалды былай айтқанда дұрыс, жақсы, үлгі алатын құбылыс деп көрсетеді. Яғни, ол да қауіпті жағы»

Демек…

ЕРЖАН МЫРЗАБАЕВ, ПСИХОЛОГ:
«Егер мен үшін криминалдық өткен шағы бар адам авторитет болса, демек мен де өскен соң криминал жасаймын»

Иә, сырт көзге жәй көңіл көтеру үшін жасалып жатқандай боп көрінетін бұл мәселені қазбалай берсең түбі тереңде жатыр. Бірақ, жас балаларды қойып, бұған шоу-бизнес өкілдерінің қолдау көрсеткенін санамызға сыйдыра алмадық…

«Арман аға, осы кешті жаным-ағаларымның құрметіне арнаймын»

Челлендждің де естісі бар, есері бар. Бірақ халық естісінен гөрі, есеріне жақын ба, қалай өзі?

АҚСҰЛТАН ҚАЛИЕВ, ВАЙНЕР:
«Егер де пайдалы, мысалы, «экология» деген сияқты челенджерді айтып жатырсыз ғой. Менің ойымша, бәрінің басындағы проблемалары жетіп жатыр. Және олар одан әрі сол жаққа қарай үңілгісі келмейді. Иә, әрине, ол — пайдалы, жақсы».

Қысқасы, халықтың сұранысы әзірге жеңіл-желпі челлендждерде.болып тұр ғой осылай. Бастысы, мамандар айтпақшы, кесірі ертеңгі ұрпаққа тиіп кетпесе болғаны.

Первый канал Евразия

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »