Британ премьері орамал тағатын әйелдерді қолдайтынын ашық айтты
Тереза Мэй. Фото: geo-politica.info
Премьер-министр Тереза Мэйдің бұл пікірі «Біріккен корольдіктің тәуелсіз партиясы» басшысы Пол Наттолдың Британияда мұсылман киіміне тыйым салу туралы бастамасына байланысты жарияланды.
Шотланд ұлттық партиясы атынан Тасмина Ахмед-Шейх үкімет палатасы отырысында премьер-министрге осыған қатысты сауал жолдаған.
«Мен әйел азаматшалардың өз таңдаулары бойынша киінулеріне толықтай келісемін», — деп атап өтті Мэй.
newstaraz.kz