Британдық спортшы Елдос Сметовтен жеңілген соң жерге жатып алып жылады (фото)
Фото: AFP
Рио Олимпиадасының алғашқы жарыс күнінде татамиге шыққан британдық дзюдошының суреті ағылшындарды елжіретті.
Спортшының Twitter парақшасына жарияланған фото ағылшын жанкүйерлерінің алдында қызу талқылануда деп жазады NUR.KZ.
Ұлыбритания намысын қорғаған Эшли Маккензи екінші айналымда қазақ балуаны Елдос Сметовпен жолығып, ұтылып қалған болатын.
Жарысты ерте аяқтаған спортшы дәлізге шыққан соң, өз-өзіне келе алмай, жерге жатып алып жылаған.
Фото: Twitter
Ол осы суретін желіге салып, өзіне қолдау білдірген барша жанкүйерлеріне рахмет айтқан екен.
Эшли Маккензи Елдостан жеңілген соң, 4 жыл бойына атқарған еңбегінің еш кеткеніне қынжылады. Бүгінде спортшының аталған фотосын ағылшын жанкүйерлері өз желісінде көптеп бөлісуде.
Эшли Маккензи
Еске сала кетейік, Маккензиді жарыс жолынан шығарған Елдос Сметов Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды.
newstaraz.kz