Британиялық азамат есімін “Бекон Чизбургер” деп өзгертті
Британиялық өзінің есімін Bacon Double Cheeseburger атауына ауыстырған.
Тиісінше ол өзінің бұл әрекетін қалыпты деп бағалайды. Сэм Смитке өзінің атын басқа есімге ауыстыру идеясы достарымен бірге көңіл көтеріп отырған кезде келген. Бұл туралы The Evening Standard газетіне сілтеме жасай отырып Лента.ру. хабарлайды.
Британиялық азамат достарымен бірге ішімдік ішіп отырып өзінің есімін ауыстыратынын айтқан.
“Барлығы бекон чизбургерді жақсы көреді. Бұл өте күлкілі сәт болды. Достарым әдеттегідей мені мазаққа айналдыра жөнелді”, – дейді Чизбургер.
Енді өзінің жаңа есімін 33 жастағы азамат B D Cheeseburger деп әспеттеп жазып жүр. Ол Европада қонақүйден нөмір алуда және ұшаққа билет аларда жаңа есімі кедергі келтіретінін мойындап отыр.
“Мен жұмыс бабымен көп уақытымды Азияда өткіземін. Бекон негізінен Ұлыбританияға танымал болғандықтан Азиядағылар мұның не екенін біле бермейді. Анам бұл шешіміме ашуланды, ал әкем таң қалды”, – дейді ол.
Ал оның болашақ келіншегі Изабелла Чизбургер есімді азаматқа күйеуге шығуға онша қуана қоймаған екен.
newstaraz.kz