Новости на Newstaraz.

Цифрлық даму министрлігі: СБЕР-мен келісімге қол қою күн тәртібінде тұрған жоқ

newstaraz.kz

Цифрлық трансформация бойынша ресейлік СБЕР-мен келісімге қол қою күн тәртібінде тұрған жоқ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жергілікті Vlast сайтына жіберген ресми жауабында осылай деп жазған.

Басылым ведомствоға былтыр жоспарлағандай «2022 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін СБЕР-мен келісімге қол қойыла ма?» деп сұрақ қойған.

«Әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты министрлік бірнеше сценарийді қарастырып жатыр және әрқайсысына дайындалып жатыр» деп басылым министрліктің жауабынан үзінді келтіреді.

Бірақ ведомство нақты қандай сценарийлер қарастырылып жатқанын және цифрлық трансформация бойынша Қазақстанның келесі әріптесі кім болатынын нақтыламаған.

Былтыр қыркүйекте Қазақстан үкіметі ресейлік Сбер компаниялар тобымен Қазақстанның цифрлық үкіметіне арналған платформа құру жөнінде меморандумға қол қойған.

Бұл меморандум Қазақстан қоғамында түрлі пікір туғызды. Әлеуметтік желі қолданушылары, арасында IT-қауымдастық өкілдері де бар, жоба елдің тәуелсіздігіне қауіп төндіретінін алға тартып, платформаны отандық немесе батыс компанияларына неліктен сеніп тапсырмады деген сұрақ қойған. Жеке дерек қауіпсіздігі мәселесі де көтерілген.

Ал министр Бағдат Мусин Сбер платформасы Қазақстанға «ең қолайлы жүйе» және «ҰҚК талаптарына сәйкес келеді» деп мәлімдеген.

Қоғам күдігін сейілту мақсатында министрлік бұған дейін қазақстандық ІТ мамандарынан құралған сарапшылар кеңесі құрылатынын, мәселе олармен бірге талқыланатынын айтқан.

Мусин былтыр «СБЕР-мен келісім 2022 жылдың наурыз бен сәуір айларына жоспарланғанын» да айтқан. Келісім барысында жобаның барлық параметрі анықталуы тиіс болған. Жобаның құны шамамен 500 млн доллар екені айтылды.

Кремль бақылауындағы «Сбербанк» 2020 жылы «банк» атауын алып тастаған. 2017 жылдан бері Сбербанк қаржыдан бөлек салаларға да инвестиция құя бастаған.

Ресей басқыншылығына байланысты салынған Батыс елдерінің санкциясына «Сбер» басшысы Герман Греф те ілінген. Оның аты-жөні Ұлыбритания мен АҚШ-тың «қара тізімінде» кездеседі.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »