Новости на Newstaraz.

Даулы жобаны мәжіліске қайтарған Сенат шетелдіктерге орман өсіруге де жер бермеуді ұсынды

newstaraz.kz

29 сәуірде сенат жер қатынастары туралы даулы заң жобасына екі түзету енгізіп, мәжіліске қайтарды.

Құжат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» деп аталады.

Бейсенбі күні сенат жобаны бірінші оқылымда мақұлдап, екінші оқылымға кіріскен. Сол кезде сенат депутаты Әбдәлі Нұрәлиев сенаттың тұрақты комитеттері мен жекелеген сенат депутатарынан заң жобасына қатысты екі ұсыныс түскенін айтып, әріптестерін соны қолдауға шақырды.

«Аталған ұсыныстар бойынша жеке орман өсіру үшін жер учаскелерін тек Қазақстан азаматтарына және шетелдік үлесі жоқ заңды тұлғаларына беру туралы тиісті өзгеріспен толықтыруды жер кодексінің 48 және 128 бабына енгізу ұсынылып отыр. Заң жобасы ҚР Конституциясына және қолданыстағы заңдарына сәйкес келеді» деді сенат депутаты.

Ұсыныстарды сенат депутаттары қолдап, жобаны мәжіліске қайтару туралы шешім қабылданды.

Сенат отырысында баяндама жасаған ауыл шаруашылық министрі Сапархан Өксікбаев құжат шетелдік жер пайдаланушыларға, шетелдіктердің үлесі бар қазақстандық компанияларға, сонымен бірге қандастарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жекеменшікке алып, жер иелену құқығын беруге тыйым салады деді. Дегенмен шетелден Қазақстанға көшіп келген қандастар «жеке қосалқы шарушылығы, бау-бақша және саяжай құрылысы үшін жер учаскесін ала алады, Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана ауыл шаруашылығы жерін жалға алу мүмкіндігі болады».

Министрдің сөзіне қарағанда, қазір 74,4 мың гектар жерді – шетелдік компаниялармен бірлескен жеті кәсіпорын, 18,5 мың гектар жерді шетелдік екі заңды тұлға жалға алып отыр. Аталған кәсіпорындар мен тұлғаларға жер мораторий енгізілгенге дейін жалға берілген. Жалға алу мерзімі 2022-2025 жылдары аяқталады.

– Оның ішінде Жамбыл облысында ауыл шаруашылығына арналған ауданы 5,9 мың гектар жерді – бір кәсіпорын, Павлодар облысында ауданы 35,2 мың гектар ауыл шаруашылық мақсатындағы жері бар – бір кәсіпорын, Атырау облысында 1,6 мың гектар бір кәсіпорын және Ақмола облысында жалпы ауданы 34,7 мың гектарды құрайтын ауыл шаруашылық мақсатындағы жер алған төрт кәсіпорын бар. Сондай ақ екі шетелдік компания жұмыс істейді. Шығыс Қазақстан облысында 14,9 мың гектар алқабы бар бір кәсіпорын және Жамбыл облысында 3,6 мың гектар алқабы бар бір кәсіпорын бар, – деді министр.

Ол аталған заң жобасында пайдаланылмайтын жерді қайтару мерзімі қысқарғанын, жерді дұрыс пайдаланбай отырғандарға жер салығы көбейетінін де айтып, осылайша экономикалық мәжбүрлеу тетігі іске қосылатынын атап өтті.

Бұған дейін белсенділер аталған заң жобасы шетелдіктерге орман өсіру үшін 25 жылға жалға жер алуға мүмкіндік береді деп мәлімдеп, аталған жобаны тоқтатуды талап еткен. Демалыс күндері Алматыда өткен жер митингісінде белсенділер «заң жобасы қабылданса, орталық алаңда шатыр құрып, аштық жариялайтындықтарын» айтқан.

2016 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерін шетелдіктерге сату және ұзақ мерзімге жалға беруді қарастыратын даулы заң жобасына халық жаппай наразы болған соң сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев заң жобасына бес жылға мораторий жариялаған. Оның мерзімі биыл аяқталады.

Өткен демалыс күндері осы мораторий мерзімінің тағы бес жылға ұзартылатыны белгілі болып, Жер кодексі нормаларын талқылау үшін құрылған жер комиссиясы таратылған еді. Комиссияның кейбір мүшелері «билік пен ірі жер иеленушілер қалай болғанда да жерді сатуды көздеп отыр, мораторий ұзартылып, жер сату бес жылға кейінге қалды» деп мәлімдеген.

Бейсенбі күні сенаттың баспасөз қызметі үкімет қазір жер комиссиясы мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, жер пайдалану саласындағы заңнамаға түзету енгізуді қарастыратын құжаттар әзірлеп жатыр, жақын арада заң жобасы парламентке түседі деп хабарлады.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »