Денис Тен Оңтүстік Кореядағы Олимпиадада енді мұз айдынына шықпайды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Пхенчханда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында еркін бағдарламада өнер көрсетпейді.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Пхенчханда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында еркін бағдарламада өнер көрсетпейді, деп хабарлайды Today.kz.
Қысқа бағдарлама қорытындысында Тен 70.12 ұпай жинады, бұл нәтиже үздік 24 мәнерлеп сырғанаушының ішіне кіруіне мүмкіндік бермейді. Осылайша Денис Тен Сочидағы жетістігін қайталай алмады.
Естеріңізге салайық, Денис Теннің 2018 Олимпиада ойындарының жеңімпаздары қатарынан көрінуі екіталай еді. Өйткені былтыр жазда қазақстандық спортшы ауыр жарақат алды. Спортшы Олимпиадаға қатысу үшін отадан бас тартты. Ол Пхенчханда жоғары нәтиже көрсете алмайтынын білсе де, аяғының ауыратынына қарамастан өнер көрсетуді жөн көрді.
Денис Тен — Сочида өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.
newstaraz.kz