Новости на Newstaraz.

Дінге берік ата-ана ВИЧ жұқтырған балаларын емдетпей өлтіріп алған

newstaraz.kz

ВИЧ вирусы. Фото желіден алынды

Санкт-Петербургте ВИЧ инфекциясын жұқтырған бала көз жұмды. «СПИД орталығының», хабарлауынша, діндар ата-анасы балаға антиретровирустық терапия жүргізуге рұқсат етпей қойған деп хабарлайды Азаттық.

Бұл ақпаратты Ресей денсаулық сақтау министрлігінің ВИЧ инфекциясы жөніндегі маманы, профессор Евгений Воронин растады.

«Доктор Питер» басылымының мәліметі бойынша, 2015 жылы сот ата-анаға баласын емдеуді міндеттеген. Бірақ ата-анасы сот шешімін орындамаған, олар үшін «шіркеудің айтқанымен жүрген дұрыс» көрінген. Белсенділер екі мәрте прокуратураға және балалар омбудсменіне арызданғанымен, жағдай өзгермеген. Бала 29 тамыз күні көз жұмған.

«СПИД орталығының» дерегі бойынша, Орыс православ шіркеуінің ВИЧ/СПИД-ке қарсы күресі терапияға тыйым салмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 860 мыңнан астам ресейлік ВИЧ инфекциясына шалдыққан.

СПИД-пен күрес орталығының бағалауы бойынша, бұл дертке шалдыққандардың шын мәніндегі көрсеткіші шамамен 1,5 миллион адамға жетеді.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »