Джеки Чанның жан досы болған қазақ туралы не білеміз?
Фото: qamshy.kz
Ол тек суретші ғана емес, атақты спортшы да болған: карате, у-шу, таэквондо шебері, осы спорт түрінің Қазақстандағы федерациясының тұңғыш президенті әрі қара белбеу иесі екенін көп жастардың біле бермесі анық.
Бексейіт өмірден өткенде бар-жоғы қырық үш жаста болатын. Қазақтың хас батыры Мұстафа Өзтүрік пен Джеки Чанның жан достары болған Түлкиев өнер мен спортты теңдей ұстады.
Бірде жазушы Асқар Сүлейменов «Парасат» журналында жұмыс істеп жүрген кезінде көк базардың жанындағы баспасөз үйінің баспалдағынан төмен түсіп келе жатады. Ұлты славян қос бұзақы жігіт адам қарасы жоқтығын пайдаланып, Асқардың үстіндегі курткасына қызықса керек, дереу шешіп алмақ болады.
Ол аңтарылып тұрғанда, құдай жарылқап, Бексейіт жоғары көтеріліп келе жатады. Бірдеңені іші сезе қойған Бексейіт: Асеке, мыналарың кім?, — дейді. Сол кезде Сүлейменов айтып үлгермей жатып, қос жігіттің жерде жайрап жатқанын бір-ақ көреді. «Ойпырмай, Бексейіттің жылдамын-ай!» — деп, Асқар Сүлейменов жырдай етіп айтып жүрді дейді.
newstaraz.kz