Екі бірдей жыныс мүшесі бар азамат өз ерекшелігін бақыт деп біледі (фото)
Ер адам. Көрнекі фото: vmirechudes.com
Бірнеше жыл бұрын танымал форумдардың біріне DoubleDickDude (екі жыныс мүшесі бар жігіт) деген лақап атпен тіркелген ер адам өзінің тумасынан екі жыныс мүшесіне ие екенін мәлімдеп, фотосын жалпақ жұртқа жариялаған болатын.
«Мен жігітпін және менің екі жыныс мүшем бар. Фотосын қосымша жүктеп отырмын. Сұрақтарыңыз болса, жауап беруге дайынмын», — деп жазған ол.
Содан кейін жаңбырша жауған сұрақтарға жауап берген азамат көп ұзамай өзі туралы кітап жазып шыққан.
Айта кетерлігі, ер адам дифаллия дертіне шалдыққан. Бұл дертке шалдыққандар тумасынан екі жыныс мүшесімен дүниеге келеді. Әдетте артық жыныс мүшесін нәресте кезінде отамен алдырып тастайды. Алайда DDD-дің ата-анасы ота жасаудан қорқып, баласын екі жыныспен қалдыру шешімін шығарған.
DDD ата-анасының бұл шешімін дұрыс санайды және өз ерекшелігін бақыт деп біледі. Дифаллия кей кездері бедеулікке әкеліп соқтырады екен. Алайда DDD екі мүшесі де бедеулікке шалдықпағанын айтуда.
«Бір нәрсені түсініп алыңыздар. Мен егіз бауырымды жатырда жеп қойған жоқпын, бұл генетикалық ауру да емес және ұрпақтан-ұрпаққа берілмейді», — дейді азамат.
DDD жоғары сыныптарда артық мүшесінен құтылғысы келгенін жасырмайды, себебі сыныптастары оны жиі мазақ ететін. Алайда бүгінде ол керісінше екі мүшесінен де айырылғысы келмейтінін айтуда. Бастпақыда әйелдермен төсек қатынасы кезінде кейбір нәзік жандылар шошығаннан қашып кететін болған. Ал кейбірі екінші жыныс мүшесін жалған ойыншық санап, жұлып алуға шақ қалған.
DDD оң жағында орналасқан жыныс мүшесін жиірек қолданатынын жасырмады. Ер адам өзін сыйлайтындықтан, порно саласына ешқашан бет бұрмайтынын алға тартты. Ол өміріндегі ең үлкен қиындық қоғамдық әжетханаға кіру және өзіне лайық іш киім табу екенін айтуда.
newstaraz.kz