Екі сөздің басын біріктіре алмаған шымкенттік шенеунік ұятқа қалды (видео)
Шымкентте екі сөздің басын қоса алмаған шенеуніктің масқарасы шықты, деп хабарлайды NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Шымкентте денсаулық фестивалі өтті. Оған қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұржан Қатаев арнайы келіп, қатысушылардың басы-қасында болды. Тек тілшілерге сұхбат берген шенеунік екі сөзінің басын әрең қосты.
«…осы денсаулық сақтау, денсаулықтың қазір… Жастар, жастар денсаулық» деп сөйлеген Қатаев мырзаның ол әрекетіне жаны ашып кеткен тілшінің бірі шенеунікке шараның мақсатын сыбырлап жеткізді.
Мұнан соң барып қана бөлім басшысы «Иә, жастар салауатты өмір салтын қолдау барысында біз осындай фестивальді ұйымдастырып жатырмыз» деп ойын қиналып тұрып жеткізді.
Айта кетейік, Нұржан Қатаев Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшылық қызметіне 2015 жылдың қазан айында тағайындалған.
newstaraz.kz