Экскаваторды еркін айдайтын небары 4 жастағы бала жұртты таң қалдырды
Қытайлық Чен Цзюньюй өзінің небары 4 жаста болғанына қарамастан экскаваторды айдап, әкесіне қолғабыс болып жүр деп жазады fishki.net порталына сілтеме жасап NUR.KZ.
Экскаваторшы әкесімен күнде жұмысына бірге еріп баратын балақайға бұл ауыр техниканы үйрену тіпті қиындық тудырмаған екен.
Алайда жергілікті полиция ата-ананың бұл әрекетін құптамай отыр. Олардың айтуынша, бұл жағдайдың соңы аянышты аяқталуы мүмкін. Сондықтан олар баланың экскаваторға отыруына үзілді-кесілді қарсы болып отыр.
newstaraz.kz