Новости на Newstaraz.

«Экстремизм» айыбымен сотталған мұсылманның әйеліне оның «діндес» бауырлары қырындай бастаған

newstaraz.kz

Дәстүрлі емес ислам қауымының қазір түрмеде отырған бұрынғы уағызшысының әйелі некелерінің бұзылатынын сезеді. Оның туыстарымен болған жанжалдан кейін келіншегі кішкентай екі баласын ертіп, күйеуінің үйінен кетуге мәжбүр болған.

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Шағын мұсылман қауымына мүше болған күйеуі «экстремизм» айыбымен сотталып, түрмеге түскелі кішкентай екі баласының қамын ойлау жауапкершілігі Мәриямның (оның өтініші бойынша мақаладағы бүкіл есім өзгертілді) мойнына түскен.

Қауым мүшелері Мәриямды Қазақстанда тыйым салынған діни ағымды ұстанушы 46 жастағы алматылық тұрғын, бір жыл бұрын сотталған Әбубәкірдің әйелі ретінде біледі. Бұл оған оңай тимей жүр. Тергеу жүріп жатқан және күйеуі Алматыдағы түрмеде отырған кезден бері оның діндес «бауырлары» келіншекке қырындай бастаған. Оны Қазақстанның солтүстігіндегі түрмеге этаппен жіберген соң мұндай қылықтар жиілеп кеткен. Бірақ олардың бұл әрекеттеріне Мәриям көнбей келеді.

«Жұмысқа кішкентай қызымды ертіп барамын»

39 жастағы Мәриям Алматыда бір бөлмелі пәтер жалдап тұрады. Жұмыс күндері жеті жастағы баласы Мұхамедті мектепке дайындап, апарып тастап, супермаркеттегі жұмысына үлгеру үшін таңертең ертерек тұрады. Бірақ үйде жалғыз қалдыра алмайтындықтан, Мәриям үш жасар қызы Айшаны да өзімен бірге ала кетеді. Мәриям дүкенде таңнан кешке дейін жұмыс істейді, ал Айша жанында болады.

Әдетте баласын мектептен жұмыстан сұранып жиені Абдалла алады, ал жұма оның демалатын күні. Ол да Мәриям жұмыс істейтін супермаркетте жұмыс істейді. Абдалла Алматыға Шымкенттен көшіп келген, биылғы қаңтардан бері Мәриям жалға алған бір бөлмелі пәтерде тұрады. Жұмыста сұрана бергенін жақтырмай, Абдаллаға қырын қарамас үшін кейде Мұхамедті мектептен Мәриям жалға алған пәтердің қожайыны Мәліктің бауыры алады. Мәлік оның шөбере әпкесіне үйленген. Бірақ пәтер иесі жездесі болғанымен, Мәриям айына 55 мың теңге (шамамен 165 доллар) төлеп тұрады.

Тар пәтерде — төрт адам

Мәриямның туған жері – Шымкент. Ол «кезінде сөз салған жігіт көп болды, бірақ ешкімді ұнатпай, «кәрі қыз» атанып отырып қалдым» дейді. Жігітті шөбере әпкесінің күйеуі Мәліктің көмегімен таңдаған. 2001 жылы Шымкенттен Алматыға келген Мәриямды Әбубәкірмен таныстырып, «осы жігітке тұрмысқа шық» деп кеңес берген дәл осы Мәлік жездесі екен. Сол жылы екеуі шариғат заңымен некесін қидырып, мешіттің имамы оларды ерлі-зайыпты деп жариялаған.

Мәриям мен Әбубәкір екеуі отасқан 15 жылға таяу уақыт ішінде талай қиындықтан бірге өткен. Бірақ екі проблемаға қатысты ортақ келісімге келе алмаған. Мәриям «анасы мен әпкесінің ықпалы ғой деймін, әйтеуір ортамызда екі бала дүниеге келсе де, күйеуім некемізді ЗАГС-те (АХАЖ) тіркеткісі келмеді» дейді. Мәриямның «некемізді заңды түрде ресімдемей Алматыда тұру қиын болады ғой» деген қорқынышына ол «несіне қорқасың» деп жауап берген.

Оның қорқынышы Қазақстанда дін туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін тіпті ұлғая түскен. Мәриям күйеуі екеуі ұстанатын діни ағым «бейбіт сипатта» болғанымен, мұндай уағызшыларды қудалай бастауы мүмкін деп ескерткен. Бірақ күйеуі оның қорқынышын қалжыңға айналдырып, «ештеңе болмайды» деп сендірген.

Бірақ Мәриямның айтқаны тура келіп, былтыр жаздың басында Әбубәкір «экстремизм» және «діни араздық қоздыру» айыбымен бес жылға сотталған. Мәриям мен 53 жастағы қайын әпкесі Райхан және 75 жастағы енесі Рабиғаның бұрын да жөнді болмаған арасы тіпті ушығып кетті. Енесі мен қайынапасы Мәриям ғана емес, кішкентай Айшаны да жақтырмаған. Бірақ екеуі баланың үлкені Мұхамедті жанындай жақсы көреді. Әбубәкірді түрмеге қамағаннан кейін екеуі Мәриямға «Айшаны алып, Шымкенттегі төркініңе кет, ал Мұхаммедті біз аламыз» дей бастаған. Содан үйде жанжал басталып, көп ұзамай Мәриям екі баласы мен ұсақ-түйек заттарын алып, күйеуінің үйінен кетіп қалған.

Мәриям «Шымкентке оралғаным дұрыс па, әлде Алматыда қалғаным жөн бе?» деп ойланған. Әкесі қайтыс болғаннан кейін әке-шешесінің үйінде науқас анасы, үлкен әпкесі мен оның бойжеткен қызы үшеуі қалған. Мәриям олардың онсыз да тар үйіне барып, қысылғысы келмеген әрі ол жақта жұмыс табу қиын. Алматыда да күйі келіспейтінін білсе де, Мәриям баласын Алматыда ғана оқытуға бел байлаған. Бұл шешімін анасы мен әпкесі де құптап, әпкесі Мәриямға «қарайласу» үшін баласы Абдалланы жіберген.

Мәриям жұмысына тыңғылықты, ішімдік пен темекіге жоламайтын, Мұхамедті мектепке апарып, әкелетін жиені Абдаллаға дән риза. Оның үстіне, ол пәтердің жал ақысының жартысын төлейді. Соның арқасында Мәриям мен Абдалла пәтер ақысына жалақыларының шамамен 40 пайызын жұмсайды. Балаларының да беталысы қуантады, ұлы мектепте жақсы оқиды, қызы да ақылды әрі зерек болып өсіп келеді.

Бір бөлмелі пәтер төртеуіне әрине тарлық етеді. Бірақ олар амалын тапқан: Абдалла аумағы кеңдеу ас үйде тұрған диванда, Мәриям қызы екеуі залдағы екі кісілік төсекте, Мұхаммед сол бөлмеде жиналмалы диванда ұйықтайды.

Өкпе-реніш

Мәриям өзге ешкімге емес, күйеуіне ренжулі. Күйеуі енді одан «некемізді ЗАГС арқылы ресімде» деп өтініп жүр. Бұл оған келіншегін қазіргідей қысқа ғана емес, ұзақ мерзімді кездесулерге шақыру құқығын береді. Енді ЗАГС-ке күйеуін қанша жыл бойы некелерін заң жүзінде тіркетіп, «жұрт сияқты» үйленіп, той жасауға көндіре алмаған Мәриямның барғысы келмейді. Ол өзін басы бос әйел ретінде сезінетінін, өзге бір жақсы адам жолықса, тұрмысқа қайта шығуы (некені АХАЖ бөлімінде тіркетіп) мүмкін екенін айтады.

«Тіпті күйеуге тисем де, бұл күнә емес қой. Тұрмысқа шығып жатсам, мұнда ешкімнің шаруасы болмауы тиіс», — дейді Мәриям.

Бірақ әңгіме соңында ол күйеуі Әбубәкір отырған түрменің телефон нөмірін табуға көмектесуді сұрады. Бірақ қандай мақсатпен екенін түсіндірген жоқ. Әңгімелесуге әрең келіскен Мәриям тіпті ту сыртынан да фотоға түсуден үзілді-кесілді бас тартты.



Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »