Новости на Newstaraz.

Елбасының жеңгесі Назарбаевтың балалық шағынан естелік айтып берді

newstaraz.kz

Халимат Омарқызы. Видеодан скриншот

Нұрсұлтан Назарбаевтың 89 жастағы жеңгесі Халимат Омарқызы қиын жылдарда өзіне пана болған қазақтарды, оның ішінде президенттің әкесі Әбіш пен елбасының балалық шағын еске алды.

Елбасының жеңгесімен болған сұхбатты желідегі парақшасында журналист Мәди Манатбек жариялады деп жазады NUR.KZ.

Халимат Омарқызының ұлты — балқар. Ол 9 құрсақ көтеріп, 26 немере, 22 шөбере сүйіп отырған бақытты әжей.

«Біз Шамалғанға көшіп келдік. Қазақтар бір жапырақ нан болса, жартысын бөліп беріп тұрды. Біз көшіп келгенде президенттің әкесі Әбіш ата фермада бригадир екен. Тәтем екеумізді жұмысқа алды. «Шешелеріңді бағатын адам керек қой», — деді. Менен не істей алатынымды сұрады. 17 жастамын, не істей алушы ем? Бұзауларды бағып, соларға сүт беріп, қарай аласың ба деп сұрады. 17 бұзау берді, сол бұзауларды аман-есен өсіріп, өткіздім», — дейді Халимат әжей.

Кейін сауыншы болған Халимат Омарқызы Әбіш ақсақалдың бау-бақшалы болыңдар деп жер жыртқызып бергенін де айтты. Президенттің әкесі шеттен келгендерді еш бөлектемей, бар қамқорлығын көрсеткен.

«Не керек болса да маған айтыңдар» деп, бізді жылы сөздерімен қуаттандырып қоятын. Сол кезде президент 6 жаста. Ол басқа балалар секілді шаң-топыраққа аунаған жоқ. Қашан көрсең де, қолында кітап жүреді. Аман болсын, денсаулығы зор болсын! Халқы аман болсын! Аспанымыз ашық болсын!», — деп тілек білдірді елбасының жеңгесі.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »