Елімізде тендерді оп-оңай ұтып алатындардың дәуірі аяқталмақ
Көрнекі сурет. Фото: narod.ru
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Ал қазір заң бойынша үкімет бюджеттің миллиондарын ұлттық компаниялардың қолына ұстата салады. Қыруар қаржыны холдингтердің қалай жұмсағанын және тендердің қорытындысын ешкім тексермейді.
Мемлекеттік мекемелерге бөлінген ақша да шотқа түскенше ғана бақылауда болатын. Мұны пайдаланған шенеуніктер жалған кәсіпорындар арқылы ақшаны қолма-қол шешіп алып, жымқыруға машықтанған. Әсіресе құрылыс саласында ұрлық-қарлық көп.
Бұл аздай жаңадан салынатын нысанның шығынын қолдан қымбатту әдетке айналған. Енді үкімет супервайзерлер жалдап, қазына ақшасының тиімді жұмсалуы, салықтан түскен пайда, құрылыстың сапасын, оған кеткен шығынға дейін қатаң қадағалауда ұстамақ. Жаңа жүйе әзірге Астана, Ақмола, Қарағанды облысында тәжірбие ретінде сынақтан өтіп жатыр.
«Ыңғайлы ескі әдісті қимай, жаңа жүйеге қарсылық білдірушілер көп болады. Олар жұмысқа кедергі келтіруге де тырысады. Бірақ күресу керек. Жылдың соңына дейін жіті дайындалып, келесі жылдан бастап мемлекеттік сатып алудың жаңа механизміне көшу қажет», — деді премьер-министр Сағынтаев.
newstaraz.kz