Елімізде жерді жалға берудің талаптары тағы өзгермек
Жер. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды
«Бір қолға шектеу қойып отырмыз. Бұрын бір қолға шектеу тек қана жекеге сатылғанда ғана болатын. Ал енді егер де жалға алатын болсаң, бұл жерде де бір қолға шектеу айтылғалы отыр. Бұл да алғаш рет қабылданғалы отырған нормалардың бірі», — дейді Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов.
Жерді пайдаланушыға да талап екі есеге күшейеді. Алқаптарды жалға бермес бұрын республикалық байқау жарияланады. Және фермерден алдын ала бизнес жоспар талап етілмек. Яғни, кәсіпкер жалға алған жерге не егетінін күні бұрын көрсетуі керек.
Мырзахметов «Жер» туралы жаңа заң жобасын жақын күндері парламентке таныстырмақшы. Бұдан бөлек, Ауыл шаруашылығы министрі қазір қолданыстағы 24 миллион гектар алқаптағы бидайдың көлемін қысқартып, орнына жем-шөпті арттырмақ. Өйткені, елімізде малға азық жетпей жатыр екен.
newstaraz.kz