Еліміздің екі облысында ауа райы салдарынан жолдар жабылды
Атырау облысында қар жауып, бұрқасын жүру салдарынан «Ақтөбе–Атырау–Астрахань» автожолының кейбір учаскесі жабылды
Қазақстанның екі облысында ауа райының нашарлауы салдарынан жолдар жабылды, — деп хабарлайды «Қазақавтожол» РМК.
Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінім шектелуі) «Қандыағаш–Ембі–Шалқар–Ырғыз» автожолының учаскесінде (258-ші шақырымға дейін Қандыағаш қаласы–Шалқар қаласы) және «Ақтөбе – Орск» автожолы учаскесінде (39–135-ші шақырымдар, Ш.Қалдаяқов кенті–РФ шекарасы) көліктің барлық түрлері үшін жолдар жабылды.
Атырау облысында қар жауып, бұрқасын жүру салдарынан «Ақтөбе–Атырау–Астрахань» автожолының учаскесінде (685-897-ші шақырымдар, Аққыстау ауылы–РФ шекарасы) көліктің барлық түрлері үшін жолдар жабық.
newstaraz.kz