Елордада ЭКСПО-2017 аумағында 700 адамдық мұз айдыны ашылды
Ауданы 4 мың шаршы метрді құрайтын мұз айдынында бір уақытта 700 адам коньки тебе алады.
Елордадағы коньки тебушілер үшін ЭКСПО-2017 аумағындағы мұз айдыны ашылды. Ауданы 4 мың шаршы метрді құрайтын жаңа мұз айдынында бір мезгілде 700 адам коньки тебе алады, — деп хабарлайды Елорда инфо.
Күнделікті сағат 12.00-ден 23.00-ге дейін, ал демалыс күндері сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейтін мұз айдынына кіру билетінің құны 1000 теңге болса, зейнеткерлер мен оқушыларға 500 теңге, ал 6 жасқа дейінгі балаларға тегін екен. Айта кету керек, 25-26 қараша, сенбі-жексенбі күндері елорданың ең ірі ашық мұз айдынына кіру билетіне 50 пайыз жеңілдік қарастырылыпты. Сондай-ақ, мұнда конькиді қайрау және жалға алу қызметін пайдалануға болады. Мұздағы жаттығу құрылғысы, 300 орындық трибуна, жылы киоскілер бар. Бұл коммерциялық жобаны астаналықтар мен қала қонақтары үшін «Mega Ice» компаниясы жасаған