Ер адам балаларына ет жегізбейтін әйелін сотқа берді
Ет. Фото әлеуметтік желіден алынды
Ер адамның сөзіне сенсек, вегетерианшыл әйелі балаларына еттен тағам әзірлемек түгілі, оларға ет жеуге тыйым салған екен. Сол үшін әйелімен ажырасуға ниетті азаматтың арызы бойынша сот тергеу жүргізген.
«Үшінші қазан күні Владивосток тұрғынынан әйелі балаларын етпен тамақтандырмай отырғаны туралы шағым келіп түсті. Арыздан кейін балалардың жағдайын білу үшін арнайы қызметкерлер жіберілген. Олар үйдегі балалардың ешқайсысы ашығып отырмағанын және тоңазытқыштары тағамға толы екенін көріп, азаматтың іс қозғау өтінішін қанағаттандырмады», — дейді полиция.
newstaraz.kz