Ердоғанды балағаттаған «Түркия аруы» 14 айға сотталды
Мерве Бүйүксарач
2006 жылы Түркия аруы атанған Мерве Бүйүксарач ел президенті Реджеп Тайып Ердоғанды жұрт көзінше балағаттағаны үшін айыпты деп танылды.
Бұл туралы The Guardian басылымына сілтеме жасап Skifnews.kz хабарлайды.
Сот 27 жастағы әйелді 14 айға бас бостандығынан шектеді. Егер айыпты бұл әрекетін тағы қайталайтын болса ол түрмеге қамалмақ. Әзірге Түркия аруы шартты жазамен құтылды.
Дау 2014 жылы тұтанған болатын. Ол кезде Бүйүксарач өзінің Instagram парақшасында Түркия әнұранына пародия ретінде шығарылған «Көсем поэмасын» (The Master’s Poem) сілтемемен жариялаған еді. Артынша оның оқырмандарының бірі бұл үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескерткен. Мұнан кейін Бүйүксарач дереу жазбаны өшіріп тастады.
Айта кетейік, соңғы кезде Түркияда күрділердің мәселесін шешуді көтеріп жүрген ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қамауға алынып жатыр. Сондай-ақ, құқық қорғаушылар журналистерді де нысанаға алған. Мәселен, биыл сәуір айында оппозициялық басылымдардың 400-дей тілшісі жұмыссыз қалды.
newstaraz.kz