Головкин мен Уэйд «көзбен атысты»
Бұл рәсім Нью-Йоркте ұйымдастырылған баспасөз мәслихатынан соң өткен.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен американдық боксшы Доминик Уэйд дәстүрлі «көзбен атысу» рәсімін өткізді, — деп хабарлайды «Қамшы» порталы Vesti.kz–ке сілтеме жасап.
Бұл рәсім Нью-Йоркте ұйымдастырылған баспасөз мәслихатынан соң өткен.
Головкин мен Уэйдтің 23 сәуір күні кездесетіні бұған дейін хабарланған болатын. Головкин осы жекпе-жекте WBA титулын он алтыншы рет, IBO титулын он үшінші мәрте, ал, WBC (Interim) титулын төртінші рет қорғайды. Қазақстан боксшысы осы кездесуде сондай-ақ, IBF титулын да алғаш рет қорғамақ. Ол кәсіби рингте 34 кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен, 31 кездесуді мерзімінен ерте аяқтаған. Ал, қарсыласы Уэйд – 18 кездесу өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтаған боксшы. Оның жеңіс қоржынында 12 нокаут бар.
newstaraz.kz