Головкин: Сауль Альваресті нокаутқа түсіремін деп ойлаймын
Геннадий Головкин. Фото: twicopy.org
2011 жылы Альварес GGG бапкері Абель Санческе тиесілі Биг Беар залында бірнеше уақыт өткізген. Сол кездері Головкин мен Альварес спаррингке шыққан. Ғаламторда әлі де сол жаттығулардың видеосы жарияланбаған, алайда осыны көрген куәгер спорт журналисі Дуглас Фишердің сөздері бар, оны мына жерден оқуға болады.
«Жаттығуларға әдеттегідей дайындалып жатырмын, жүз пайызға. Алайда сәл өзгерістер бар, себебі мен Саульді білемін, ал ол мені жақсы біледі. Біз осыдан төрт жыл бұрын бірге дайындалдық. Осыған байланысты жаттығуда өзгерістер бар.
Менің бапкерім Абель Санчестің жоспары бар. Біз спаррингке шықтық. Ол өте мықты. Бірақ мен оны нокаутқа түсірмедім. Менің ойымша 16 қыркүйекке осы ойымды іске асырамын.
Бұл жекпе-жектің қанша раундқа созылатынын білмеймін, бұл бокс. Бұл екеуіміз үшін де үлкен жекпе-жек. Менің ойымша, бұл кездесу толығымен өтсін, нокаут болсын — біз екеуімізде Big Drama Show көрінісіне дайынбыз«, — деді Головкин.
Айта кетейік, кеше екі боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды.
«Канело — Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтетінін ресми түрде хабарлаймын. Жанкүйерлер үшін керемет бокс кеші болмақ!» — деп жазды Том Леффлер Twitter желісіндегі парақшасында.
Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық «The Ring» журналының белбеуін бәске тігеді.
newstaraz.kz