Головкиннің тісін қағып аламын деген боксшы қарсыласын бірінші раундта құлатты (видео)
Фото: Fightnews.info
25 жастағы спортшыға қарсыласын жеңу үшін бірінші раундтың жартысы ғана жеткілікті болды.
«Тез аяқталған кездесуде Йылдырым оң қолымен жақсы соққы жасады, есеңгіреп қалған Александр бұрышқа тізерлеп отырып қалды», — деп жазады басылым.
Еске салайық, Орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша үшінші орында тұрған түркиялық Авни Йылдырымның промоутері Ахмет Онер орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге қатысты жағымсыз сөздер айтқан болатын.
Ол: «Авни оны жеңіп қана қоймай тістерін түгелдей қағып алады», — деп мәлімдеген.
newstaraz.kz