Новости на Newstaraz.

ІІМ: «Бипэк Авто — Азия Авто» компаниялар тобы жетекшілерінің бірі Прагада ұсталды

newstaraz.kz

Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек «Азия авто – БИПЭК авто» компаниялар тобының іздеудегі жетекшілерінің бірі Прагада ұсталғанын хабарлады.

«Қазақстан ішкі істер министрлігінің Интерпол бойынша ұлттық орталығының сұрауы бойынша, Чехия астанасы Прагада «Азия Авто – БИПЭК Авто» компаниялар тобы жетекшілерінің бірі ұсталды. Ол Шығыс Қазақстан облысында аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуде жүрген», — деді Шұғыла Тұрлыбек дүйсенбіде өткен брифинг кезінде. Оның сөзін «Қазинформ» ақпарат агенттігі таратқан.

Шұғыла Тұрлыбектің сөзінше, күдікті қамауға алынған, енді оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

2020 жылы Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аталған компанияла тобымен келісімшартын үзген. Қазақстан үкіметі 10 жылға жеңілдікпен алған 174 миллиард теңгені (қазіргі бағаммен 371 миллион доллар) мемлекетке қайтарып беруді талап еткен.

Индустрия министрлігі «компания автомобиль құрастыру жөніндегі міндеттемесін орындамады» деп мәлімдеген. «Азия Авто» акционерлік қоғамы қосымша құн салығынан және кедендік төлемдерден босатылып, утилизациялық алымды қайтару есебінен ынталандырылған.

2021 жылдың тамызында Қазақстан билігі «Бипэк Авто — Азия Авто» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкинге іздеу жарияланғанын хабарлаған. Қазақстан соты оны қамауға алу жөнінде сырттай санкция берген.

Балушкин мен оның командасы сот шешіміне қарсы бірнеше рет шағым түсірген. «Азия-Авто» екі мыңнан астам қызметкерін таратып, кәсіпорын кейбір бағыттарын жапқан. Балушкин 2020 жылы өткізген баспасөз конференциясында «үш зауытқа да толық тексеріс жүргізіп, кімнің мемлекеттің қандай ақшасын алғанын, қайда қалай салғанын» көргісі келетінін айтқан.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »