Инсульттің (ми қан айналысының бұзылуы (миға қан кету) алдын-алу жолы
Инсульт –мидағы қан айналымының қатты бұзылуынанболатын– адам өміріне өте қауіпті ауру. Егер оған жедел дәрігерлік көмек көрсетпесе, ауру адам ажал құшуы әбден мүмкін.Өкінішке орай, қазіргі заманда бұл аурумен ауыратындар көп.
Инсультті қалай анықтауға болады? (дәрігерге көріну үшін бір ғана белгісі көрінсе болғаны)
1. Әлсіздік, қол немесе аяқтың ұюы.
2.Сөзінің бұзылуы немесе оны түсінбеуі.
3.Бас айналып, адам денесінің тепе-теңдігі мен үйлесімділігінің бұзылуы.
4.Талып қалу, есінен тану.
5.Бастың қатты ауыруы.
6. Еріннің, беттің жартысының ұюы,беттің қисаюы
Инсульттен қалай сақтануға болады?
1.Үнемі қан қысымын өлшеп тұру.Инсульттің алғашқы белгілерінің бірі қан қысымының жоғары болуы.Алғашқыда 120\80 нен 120\89 аралығында болады, жоғарылағыны деп 140\90 және одан жоғарыны айтады.Ол кезде дәрігер белгілеген қан қысымын түсіретін препаратты пайдаланған жөн.
2. Қан ұюының алдын алу қажет. Инсульттің алдын алу үшін қан ұюын болдырмау керек. Ол дәрі-аспирин (кардиомагнил) т.б с.с,оның тәуліктік мөлшерін дәрігер анықтайды.
3.Көңіл–күйдің жағымсыз әсерінен қашық болыңыз. Ашушаңдық, көңіл-күйдің түсуі, жабырқаулық- инсультке апаратындар.Адам өзін осы әсерлерден аулақ ұстауы, жағымды әсер ететін баяу музыканы тыңдау, тыныс гимнастикасымен йогамен айналысуы
4. Ағзаны толық тексерілуден өтіңіз Барлық мамандардың тексеруінен өту керек. Жүрек ақауы, қан тамырлар жүйесі, тағы басқа аурулар бар, немесе жоқтығын анықтаңыз.Алдын- ала осы ауруларды емдесе, инсульттің алдын алуға болады.
5.Қандай дәрілер, қандай мөлшерде, қай уақытта қабылдау керектігін дәріханадан емес, дәрігерлермен кеңескеніңіз дұрыс.
6. Үнемі қандағы холестериннін мөлшерін анықтап отыру қажет. Жыл сайын қандағы холестериннін мөлшерін анықтап отыру қажет оның мөлшері нормадан көтерілмеуі керек (5 ммоль\литр).Егер ол мөлшерден асық болса, өз дәріңізді тауып, атересклероздың болуының алдын алу, ол ауру инсульттің негізгі себебі.
7. Дұрыс тамақтаныңыз. Табиғи тағамдар еу, тамақтану режимін сақтау. Өсімдік тектес тағамдар мен семіз емес ет, жеміс-жидек, майы аз сүт тағамдары және өсімдік майлары пайдалы. Ішімдіктен бас тартыңыз.
8.Дене қимылының белсенділігін арттыру. «Қимыл-ол өмір» -деген өмірлік қағидаңыз болуы керек. Күнделікті денешынықтырумен айналысу. Көбірек жаяу жүру. Күніне жарты сағат жүру үлкен әсер береді.
9.Темекі шегуден бас тарту. Шылым шеккен инсульт қатерін бірнеше рет көбейтеді. Одан бас тартқан өмірді ұзартады.
Инсульттің негізгі белгілері-адам денесінің бір жағының әлсіздігггі және қол.аяғының сезімталдығының жоғалуы, сөздерінің түсініңсіз болуы, кенеттен бас айналып, дененің тепе-теңдігінің бұзылуы т.б.
Қан қысымын төмендету, атересклероздың алдын алуға халық емінің де пайдасы көп, ол туралы келесі мақаламда тоқталамын