Іш киіміне есірткі жасырып, шекарадан өтпек болған қазақстандық ұсталды
24 грамнан астам марихуананы іш киіміне жасырып, ел аумағына алып өтпек болған.
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында есірткі затын іш киіміне жасырып өтпек болған қазақстандық ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.
«Сарыағаш» шекара отрядына қарасты «Жібек жолы авто» өткізу бекетінің кезекшілігі қызметтік иттің көмегімен 24 грамнан астам марихуананы іш киіміне жасырып, ел аумағына алып өтпек болған 32 жастағы қазақстандықты ұстады», — делінеген хабарламада.
Ведомство ақпаратына сәйкес, ОҚО-дағы өзара іс-қимыл жасаушы және құқық қорғау органдарының өкілдері ұсталған азамат жөнінде хабардар.