Новости на Newstaraz.

Ислам дінін қабылдап, қазақша өлең жазатын орыс жігіті өзінің табысқа жету құпиясымен бөлісті

newstaraz.kz

Фото: «Айқын» газеті

Қазақ тілінде өзінің ана тіліндей емін-еркін көсіліп сөйлейтін, қазақша өлең жазатын, ата-бабамыздың салт-дәстүрін қадірлеп, қастерлей білумен қатар, ислам дінін қабылдап, мұсылманшылықты берік ұстанатын орыс жігіті Вячеслав Вавилин «Айқын» газетіне берген сұхбатында өзінің табысқа жетуінің құпиясымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бүгінде «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының кеңесшісі қызмет атқаратын ол Қазақ көркемөнер академиясының академигі атанған.

— Вячеслав, қазақша судай ағып тұрсыз, мақалдап-мәтелдеп сөйлейсіз, қайда туып, қайда өскенсіз?

«Нағыз жігітке жетпіс өнер де аз» дейді қазақ. Тілді меңгеру – өнер! Кішкентай кезімнен бастап тіл үйренуге баса мән бердім. Орыс тілі анамның сүтімен сіңді, тегін берілді. Қазақ тілі еңбекпен алынды. Он екі жасымнан қазақша үйрене бастадым. Мира деген ұстазым болды. Тілді кішкентай кезден бастап насихаттау керек, меніңше, еліміздегі барлық балабақша қазақ тіліне өтуі керек, яғни, бастапқы білім қазақша берілсе, тілмен танысу арқылы балалар салт-дәстүрді меңгереді, тіл арқылы қазақ ұлтына деген жастайынан махаббаты оянады. Мектепті, жоғары білімді қай тілде ала­ты­­нын әркім өзі таңдасын. Сонда ғана болашақта бір ғана мемлекеттік тілде сөйлейтін елге айналамыз.

— Мектепті қай тілде бітір­діңіз?

– Орыс тілінде. Алма­ты­да­ғы №18 таза орыс мекте­бін бі­тір­ген соң Қазақ-Аме­ри­ка уни­вер­ситетінің заң фа­ку­ль­­те­тін 2002 жы­лы үздік дип­­лом­мен ағыл­­шынша аяқ­­­тадым. Қо­сым­ша Қазақ ин­женерлік-эконо­ми­­ка­­лық уни­верситеті­нің қар­жы және кредит факультетін бітір­дім.

2003-2004 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің бірінші орынбасарының ке­ңес­­­шісі болдым. Ол кезде Ал­­­ма­­лы ауданын Тұрарбек Аса­­­нов басқаратын, бірін­ші орын­басары Марат Пірім­бе­тов­­тың көмекшісі бола жү­ріп, мемлекеттік қызметтің қыр-сырын, елмен қарым-қаты­нас жасауды үйрендім.

Мем­лекеттік қызметтің қай тү­рі болсын қазақ тілін білу мәж­бүр­лігін сезіндіреді. Жария ай­тыл­маса да, іс қағаздары қа­зақ тілінде болсын деген талап бар. Қазір ірі мекемелердің бәрінде заманауи жабдықталған қазақ тіліне арналған кабинеті бар. Өкінішке қарай, басқа ұлт өкіл­деріне қарағанда орыс тілді қазақтардың өз ана тілін үйренуге деген ұмтылысының жоғына таңғаламын.

Біраз уақыт Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмидің көмекшісі болып еңбек еттім.

2005-2007 жылдары Ха­лық­­­аралық әуесқой бокс қа­уымдастығы Азия конти­нен­­тальдық АИБА бюросының вице-президенті сонымен қа­тар Әлемдік әуесқой бокс қауымдастығы президентінің кеңес­шісі болып қызмет еттім.

– Ислам дінін қабылдап, мұсылман болуыңызға не әсер етті?

— Сәби шағында адамның таңдауы жоқ. Анам да мені шіркеуге апарып, христиан қылды. Бірақ өсе келе, діни кітаптарды өзара салыстырып оқи жүріп, Библияда ақырғы пайғамбар Ахмадтың келетіні ап-анық жазылған аят барын білдім. Ахмет – Мұхаммедтің бір аты. 25 жасымда шаһадат айтып, Алланың қалауымен мұсылман болдым. Одан бергі 10 жыл ішінде мұсылман болғаныма рақаттанып жүрмін. Қазір тәжуид үйренудемін, то­лық меңгермесем де, Құранды арабша еркін оқи беремін. Бір­неше парасын жатқа білемін.

– Қазақстан Көркемөнер академиясының академигі екеніңізді білдік…

– Әлем шебері атағы бар суретші, мемлекеттік сыйлықтың иегері Амандос Ақанаев басқаратын Көркем академияның мені өздеріне мүше етіп қабылдап, академик етіп сайлауы – менің мемле­кет­тегі қызметтегі және қоғамдық өмірдегі еңбегімді, өнерге деген құрметімді қазақстандық мәдениетке қосқан бір үлесім ретінде бағалағандары. Ол үшін көп рақмет айтамын.

– Қазіргі қызметіңізге тоқ­тала кетсеңіз…

– Екі жылдан бері «Гене­рал­­дар кеңесінің» тө­ра­­ға­сы, генерал-майор Рүс­тем Қай­­­даров мырзаның кеңес­ші­­сімін. Кеңестің мақсаты – ер­­лікті ұлықтау, ұрпаққа отан­шылдық тәрбие беру. Кеңес құрамындағы генералдар саны 100-ден асады. Әр са­ла­­дан зейнетке шыққан гене­рал­дардың басын қосқан бұл ке­ңес 2000 жылдың басында құрылған, одан бері қаншама игілікті жұмыстар атқарылды, оның бәрін таратып айтар бол­сақ, ұзап кетеміз.

Алдағы 31 мамыр күні Мәс­кеуде Кеңес Одағының ба­ты­ры, қазақтан шыққан тұңғыш ар­мия генералы, №1 Халық Қаһарманы, Қазақстанның ең алғашқы Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің мү­сіні қойылмақ. Соған дайын­­далып жатырмыз. Бұл – мәскеуліктер үшін ғана емес, күллі еліміз үшін маңызы үлкен шара.

– Қуанышты хабар екен. Құтты болсын! Мүсін жұрт көңілінен шыққан болар?

– Сағадат атамыздың мүсі­нін мемлекеттік сыйлықтың ие­гері, мүсінші Ескен Серкебаев келіс­ті етіп жасады. Құны 11 мил­­лион үш жүз мың теңгеге шықты.

– Бәрекелді! Енді… Қазақша өлең де жазатын өнеріңіз бар екен. «Тәуелсіздік – тірегім» атты әннің сөзін жазған екенсіз.

– Тәуелсіздіктің 25 жылды­ғы қарсаңында желтоқсан айын­да ақшам мен құптанның ара­сында отырып ойға баттым, сол кезде мені назым басты. Өлең туды. Ақын болмасам да, қазақша ептеп өлең түртетінім бары рас.

– Отбасыңыз жөнінде айтсаңыз.

– 2009 жылы үйлендім. Бір ұл, бір қызым бар. Ұлымның атын Мұхаммед әмин деп қой­дым.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »