«Ислам мемлекетінің» жетекшісі әуе соққысынан ауыр жараланды
Фото: baq.kz
АҚШ-тың қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты әлі тастаған жоқ.
Alsumaria және Alhurra телеарналарының мәліметтері бойынша, әуе соққысы Ирак пен Сирия шекарасындағы Әл-Каим қаласында жасалған. Халықаралық коалиция күштерінің әуе соққысы кезінде тағы бірнеше содыр жараланғаны айтылды.
Өткен аптада Ирак премьер-министрі Хейдар әл-Абади биліктің әл-Бағдади қайда екенін анықтағанын хабарлаған еді.
АҚШ билігі Әбу Бакір әл-Бағдадиға халықаралық іздеу жариялап, оның басына 10 миллион доллар сыйақы тікті. Бұған дейін «Ислам мемлекеті» жетекшісінің өлгені туралы бірнеше мәрте ақпарат түскен, бірақ олардың ешқайсысы расталмаған болатын.
newstaraz.kz