Күн сайын губка жемесе, қарны тоймайтын әйел жұртты шошытты
Губка жейтін әйел. Фото: mirror.co.uk
Сату бойынша атқарушы директор болып жұмыс істейтін әйел күнде көлігіне губка салып алып жүреді. Ол губкаға тәуелді болып қалғаны соншалық, күніге бір данасын жемесе, тұра алмайды. Отбасы әйелдің бұл ерекшелігін жақсы біледі.
Тіпті «Губка боб» мультфильмін бұл отбасында көруге тыйым салынған. Себебі, әйел губканы есіне салса болды, оны жегісі келіп тұрады. Отбасы Кэндистің бұл жаман әдетін қойдыртуға қанша тырысқанымен, одан еш нәтиже болмаған.
Кэндис OCD-типтес дертке шалдыққан. Бұл сирек кездесетін дертке душар болғандар азық-түліктік құндылығы жоқ заттарды қатты жегісі келуімен ерекшеленеді. Әйел бала кезінен бастап губка жеп келеді.
«Күйеуім Клайв менің денсаулығыма алаңдайды. Отбасым менің губка жеп тұрғанымды көргісі келмейді. Сол себепті, мен оларға көрсетпей жеуге мәжбүрмін. Губканың дәмі жоқ. Дегенмен оны сулағанда шығатын ерекше иіс мені қатты еліктіреді», — дейді ол.