Көшеде әйелдерге төсек қатынасын ұсынып хат таратқан қазақ жігіті елдің ашуына тиді (фото)
Фото Facebook желісінен алынды.
Көшеде әйелдерге төсек қатынасын ұсынып, хат таратқан қазақ жігіті желі қолданушыларының ашуына тиді. Белгісіз ер адам көшеде өтіп бара жатқан келіншектің қолына бір жапырақ қағаз қалдырып, оған өзінің ұсынысын жазып қойған деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінің пайдаланушысы Назарек Инақынқызы жазды.
«Кеше жұмыстан қайтып келе жатқанмын. Жолдан өте бергенде, бір жігіт (орташа бойлы, көзіне қара көзілдірік тағып алған) қолыма бір жапырақ қағазды ұстата салып, асыға-үсіге өте кетті. Дым түсінбедім. Қағазды оқығанда көзім шығып кете жаздады. Сұмдық-ай. Интернет былай қалып, енді көшеде листовка таратып іздейтін болған ба?!
Енді түсіндім, неге ол жігіттің тез-тез басып, тайып тұрғанын. Бірден құрбыма әлгі xатты суретке түсіріп жібердім. Екеуміз де «шокта» болдық. Хаттың жазылғанына қарап, қағаздың ұқыпты бүктелгеніне қарап, алдын-ала бірнешеуін жазып шыққанын түсінуге болады. Звондап, бір ұрсып алайын ба деп бір ойладым.
Кейін, оған звондап нем бар деп тағы бір ойладым. «Мұндайларға» не істесе болады, достар? Қоғамның бұзылуының бірден-бір себепкері осылар емес па?», — деп ашуға булықты ол.
newstaraz.kz