Новости на Newstaraz.

Күйеуінен таяқ жеген отандық жұлдыздар кімдер?

newstaraz.kz

«Қыздың жолы — жіңішке» деген қазақ өз қыздарының барған жерінде бағы ашылғанын қалаған. Бірақ қазіргі қоғамда күйеуінің әйелін соққыға жығып, таяқтың астына алу мәселесі өршіп тұр. Мұндай тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарапайым әйелдер ғана емес, ешкімнің қолы жете бермейтін жұлдыздар да ұшырап жатқанына көрермен бүгінде куә болып жүр.

NUR.KZ порталы назарға күйеуінің таяғын жесе де, қалай да өз бақытын табуға ұмтылған жұлдыздарды ұсынады.

Баян Есентаева

Фото: желідегі парақшадан алынды

Баянның биыл 10-маусымда соққыға жығылғанын, оның үстіне оның күйеуі оны аяусыз жарақаттағанын елдің бәрі біледі. Көптен бері күйеуінің түрлі қылықтарын көтеріп келе жатқан Баян бірнеше айдан соң ғана өз өзіне келіп, күйеуін кешіре алды.

«Мен күйеуімді кешірдім, дегенмен заң оны кешіре алмады», — деген ол қыздарының әкесі сотталып жатқанда да үнсіз қала алмады. Әйелге тән нәзіктігін сақтап қалып, аяусыз соққыға жығылса да, ол көп жылдар бойы отасқан күйеуін кешіре білді.

Ерке Есмахан

Фото: желідегі парақшадан алынды

Баласының әкесі Асхат Садырбаймен ажырасып кеткен Ерке Есмахан Асхаттың мінезі жаман екенін елге жайып салды. Ол өзінің желідегі парақшасына жазба қалдырып, онда Асхаттың қол көтерген кездерін еске алды. Оның бұл қылығын көтере алмаған Ерке ұлын алып, онымен байланысын мүлдем үзді.

Карина Абдуллина

Фото: желідегі парақшадан алынды

Жуырда КТК арнасының «Моя правда» бағдарламасында Карина өзінің өмірі жайлы айтып беріп, жалғызсырап жүргенін жасырмады. Өзінің сүйген жігіті, ірі мұнай компаниясының директоры Артем өзінің баласын мойындамай, баласы екі айлық кезінде тіпті Каринаны ұрып-соққан да екен. Көзіне жас ала отырып, басынан өткен қиын кездерін еске алған Карина ұлы Альбертті әріптесі, досы Болат Сыздықовтың атына жазып бергенін айтты.

Жазира Байырбекова

Фото: желідегі парақшадан алынды

31-арнаның «Ұят емес» бағдарламасында Жазира жары Жанболаттан таяқ жеген кездері болғанын мойындады.

«Өзімнің тілімнен таптым. Ерке болып өскенмін.Ал қазір қалай сөйлеу керектігін үйрендік қой»,-деді ол.

Сонымен бірге, ол қазіргі жастарға үлгі болсын деп өз тәжірибесімен бөлісіп жатқанын да жасырмады.

«Қазіргі келіншектер бір рет таяқ жесе үйінен қашады», — деді ол.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »