Келіншегіне Назарбаевқа сәлем салдырған жігіт жұртты таңғалдырды (видео)
Көрнекі фото: comode.kz
Елімізде болған үйлену тойларының бірінде келіншегіне президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайы сәлем салдырған күйеу жігіт жұртты таңғалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.
Instagram желісіндегі Toi_eli парақшасына жарияланған видеода күйеу жігіт өзінің келіншегіне мемлекет басшысына әдейілеп сәлем салдырғаны көрінеді.
Мұны көрген желі қолданушылары әр түрлі тілектерін жаудыруда. Сондай-ақ, жігіттің бұл әрекетін жағымпаздық деп түсініп жатқандар да бар.
Жас жұбайлардың шаңырақ көтеру тойы қашан және қайда болғаны белгісіз.
Тағы оқыңыздар:
newstaraz.kz