Кемероводағы өрттен 37 адам опат болды (видео)
Ресейдің Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда-ойын-сауық орталығында шыққан өрттен 37 адам опат болып, 43 адам зардап шеккен. Шамамен 70 адам із-түссіз жоғалғандар қатарында. Мұндай ресми мәліметті ТАСС агенттігі таратты. Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.
«Зимняя вишня» сауда орталығында із-түссіз жоғалғандар саны 69 адамға жетті, олардың 40-ы — балалар», – деді шұғыл штаб өкілі ТАСС агенттігіне.
Мәліметтерге қарағанла, өрттен құтқару дабылы қосылмай қалып, адамдарды ғимаратта жаппай эвакуациялау жүргізілмеген. Ресми мәліметтер бойынша, жүз адам эвакуацияланған, тағы жиырма адам құтқарылған. Сауда орталығындағы қалған адам өз бетімен ғимараттан шыққан болуы керек. Демалыс күні мұнда келушілер саны көп болған.