«Кешью» тобына келген әншінің кім екені белгілі болды (фото, видео)
Кадр желідегі видеодан алынды
Баян Есентаева шетелде сүйіктісімен қыдырып жүргенде, оның қарамағындағы «Кешью» тобы Қытайда өнер көрсетуге кеткен болатын.
Осы уақытқа дейін жұрт топтан кеткен Ақбота Сейітмағамбеттің орнына кім келеді деп болжаумен болды. Ал топ болса жаңа құрамымен аспан асты елін сұлулығымен тамсандырып қайтты.
Баян Есентаева топтың жаңа әншісі ретінде кім келетінін таяу күндері айтуға уәде еткен еді. Бірақ, көрермендер үшінші солистің кім екенін продюсердің мәлімдеуінсіз-ақ біліп қойды. Себебі, желіде топтың Қытайдағы өнер көрсетуінен видео пайда болды.
Видеодан топта бұған дейін «Лашын» тобында болған Элизат Берікованың өнер көрсеткенін көруге болады. Демек, топтың жаңа әншісі Элизат Берікова деп болжады желі қолданушылары.
Естеріңізге салсақ, «Кешью» тобынан Ақбота Сейітмағамбет отбасылық жағдайына байланысты кеткен болатын. Бұдан кейін қалың көпшілік Ақботаның орнына келетін әншінің кім екенін таппай дал болған еді. Кейбірі топқа мүше болуға «Лашын» тобындағы Сара Амангелді лайық деп тапса, екіншілері әнші Назым Әбілдина келуі мүмкін деп болжаған болатын.
newstaraz.kz