Кончита Вурст елімізде Астана күніне орай жеке концертін өткізеді
«Евровидение-2014» жеңімпазы Кончита Вурст Астанаға келіп, жеке концертін беретін болды.
Ол елімізде қазақ тілінде ән айтып, домбыра тартуды үйренбек деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Атышулы әртістің Қазақстандағы тұңғыш концерті Астана күніне орай 6 шілде күні өтеді деп мәлімдеді агенттіктердің бірі.
Дереккөздің айтуынша, Вурст қазақ тілінің әуезділігіне тәнті болған. Сол себепті, елімізде қазақша ән айтуды дұрыс деп тапқан. Кончита Қазақстаннан құр алақан қайтпай, ұлттық аспабымыз домбырада ойнауды үйреніп кететінін мәлімдеді.
Кончита Вурст — австриялық әнші Томас Нойвирттің сценалық образы. Ол осы бейнесімен дәстүрлі гендерлік рөлдерден бас тартып, өзгелердің таңдауына құрметпен қарау мәселесін көтерген тұңғыш әнші.