КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ 3,5 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Бүгін тағы 8 отандасымыз коронавирус ошағынан шығарылды. Олар енді 14 күн бойы Өзбекстан мен Ресей дәрігерлерінің қарауында болады. Ал бүгін Қаржы министрі індетпен күреске үкімет резервінен 3,5 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеді. Қаржы қандай мақсатта жұмсалады? Біздің емханалар коронавируспен күреске қаншалықты дайын? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Коронавирустан мерт болғандардың саны бүгін күрт артты. Қаза тапқандар 492-ге жетіп, дертті жұқтырғандар 24 мыңнан асып түсті. Дегенмен 892 науқастың аурудан айығып шыққаны көңілге медеу
Ал, елімізде ем алып жатқан 33 адамның коронавирус жұқтырғаны расталмады. Алыстан аттай қалап алдырған тест қорытындысы осыны көрсетті. Талдаудың тағы бір түрін Қытайдан күтіп отырмыз. Бірақ…
ЕЛЖАН БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
“Олардың барлығы бір рецепт бойынша тағайындалғандықтан, тест нәтижелерінің дұрыстығына күмән жоқ. Тесті алмас бұрын 249 талдау жүргіздік. Олардың барлығы теріс нәтиже берді. Ресейлік әріптестерден де тест алғанымызды білесіздер. Біз қазір қосымша тексеріс жүргізіп жатырмыз. 240-ы теріс нәтиже берді. Тағы 8-і тексеріс үстінде”.
Шекара асып келгендердің барлығына бірдей ауруханаға ағылып қажеті жоқ, дейді министр. Коронавирустың белгісі бар азаматтар ғана тексерістен өтеді. Себебі талдаудың өзі қымбат тұратын көрінеді.
ЕЛЖАН БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ
“Бұл зерттеу тек ауру белгілері болса ғана жүргізіледі. 99 пайыз дене қызуының көтерілуі, жөтел және басқасы. Яғни көбіне қарапайым тұмау болып шығады.Қазіргі уақытта бүкіл 18 миллион адамды коронавирусқа тексеру қажет емес. Оның мәні де жоқ».
Айтпақшы, қазақстандық тараптың өтініші бойынша бүгін түнде Ухань қаласынан 8 отандасымыз Ресей мен Өзбекстанға жеткізілді. Бес азаматымыз Ташкент қаласында екі апта бойы дәрігерлердің бақылауында болады, ал қалған үшеуі Түмен қаласында қаралады.
ДИАС АХМЕТШӘРІП, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
“Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері олардың жағдайын бақылауда ұстайды. 04:39 Олар екі апта бойы жергілікті мамандардың қарауында болады. Жалпы халықаралық ұйымдарда коронавирус туралы 200-ге жуық жалған фактілер тіркелген. Жалған қауесеттер мен ақпараттар бүкіл адамзатқа ауыр тиді деп айтуға болады”.
Иа, коронвирус моральдық ғана емес, материалдық тұрғыда да әлем елдерінің қалтасын қағып жатқаны рас. Қазақстан коронвируспен күрес шараларына Үкімет резервінен қосымша қаражат бөлді. Шамамен 3,5 млрд теңге. Осынша көк ақшаның қайда жұмсалатынын Қаржы министрінің өз аузынан естиік.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ — ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:
“Қаражат қажетті медикаменттерді, сондай-ақ, маскалар мен басқа да құрылғыларды сатып алуға бөлінді. Шамамен 3,5 млрд теңге бөлінді, оның игерілуін денсаулық сақтау министрлігі қадағалайды”.
Денсаулық сақтау министрлігі қадағалауға тиісті тағы бір жайт. Басы ауырып, балтыры сыздаған азаматтар инфекция жұқтырдым деп күдіктенсе қайтпек керек? Біздің емханалар оларды кеудесінен кері итермей, қабылдауға қауқарлы ма?
ЕРЖАН ҚАЛИЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ №6 ЕМХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ЕМДЕУ ІСІ БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ:
“Коронавирус туралы арнайы өзіміздің бұйрығымыз бар. Яғни келген науқасқа бізде арнайы фильтр кабинеттер тағайындалған. Сол фильтр кабинеттерге ыстығы көтерілген науқастар көрінеді. Онда мамандар отыр. Олар барлығын бағдарлама бойынша, протокол бойынша жұмыс істейді. Балаларға ересектерге бөлек”.
Бір айдан бері күллі әлем иненің ұшында отырғандай күй кешуде. Соңғы деректерге сенсек, коронавирус тіркелген елдердің саны 30-ға таяған. Абырой болғанда, біздегі жағдай қалыпты. Тіпті «пайдалы» деп сипаттады Қаржы министрі…
Если туда наши гражданин не едят, то деньги остаются в стране. Наоборот это хорошо для Казахстана.