Ләйлә Сұлтанқызы өзінің миллиондап табыс табатынын жасырмады
Танымал тележүргізуші әрі телеарналардағы бірнеше жобаның авторы Ләйлә Сұлтанқызы өзінің еліміздегі ең қымбат журналист екенін мойындады. Бұл туралы ол Comode.kz сайтына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
Ләйлә Сұлтанқызы телевизия саласында да, әлеуметтік желіде де жақсы пайда табатынын жеткізген.
— Екеуін де бөліп қарағым келмейді. Телевизия саласындағы ең қымбат журналист екенімді жасырмаймын. Гонорарым өте жоғары. Ал, қазір бір емес бірнеше жобаларда қызмет етудемін. Яғни, алатын төлемақым да жұмысыма сай көп әрі жеткілікті. Ал, инстаграм арқылы бір айда миллион табуым мүмкін. Ал, келесі айда небәрі 100 000 теңге пайда көруім мүмкін. Сондықтан, нақты мынадан көп пайда көремін деп шорт кесіп айта алмаймын, — дейді тележүргізуші.
newstaraz.kz