Новости на Newstaraz.

Лағудың да шегі бар: Отандық блогер «сахнада кие бар» деген Бауыржан Ибрагимовты сынап тастады

newstaraz.kz

Өркен Кенжебек есімді отандық блогер әрі журналист жуырда Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат берген Бауыржан Ибрагимовтың көздерін сынап тастады. «Сахнаның құдіреттілігін мешітке теңеген» актерге қатысты ол өз уәжін айтты.

Бұл туралы Өркен Кенжебек өзінің Instagram парақшасына жазған.

«Рианна деген әнші бар. Барбадос деген аралдан. Мұндағы адам саны Семей қаласының халқынан да аз. Алқаш әкеден туса да, кедей отбасыдан шықса да, әлемге абыройлы болғанына ырза болса керек, 2008 жылдан бері 22 ақпанда халық боп «Рианна күнін» тойлайды. Оның туған күнінен кейінгі екінші күнді алған ғой, тойлағанда кәдімгідей көшені толтырып, әніне билеп, суретін алып шығып дегендей. Не деген құрмет деймін…

Мадонна деген әнші бар. Қартайса да, тақымы босар емес. Соның 1990 жылы концертіне Жан Поль Готье тігіп берген конус пішіндес төстартқышпен шығуының феминизмге ықпалын ғалымдар әлі зерттеп келеді. Не деген ықпал деймін…

Мүсілім Магомаев деген әнші өткен. Кеңестер Одағында, өткен ғасырдың 60-80 жылдары оның атақ-дәрежесіне маңайлай алатын ешкім болмаған. Бір жолы концерті стадионда болады да, Магомаевты алып кету үшін қара «Волганы» жақындатып қояды. Қыз-келіншектер бұл көлікке қазір Магомаевтың өзі отыратынын білген соң, не істеген, кәне, не істеген? Әлгі «Волганы» жан-жақтан сүйіп тастаған ғой. Сонда қап-қара «Волга» көз алдымызда қып-қызыл боп кетті дейді көзкөргендер. Сондай соблазн бола тұра артынан бір сөз ертпей кетті-ей, сабазың. Не деген ұстамдылық деймін…», — деп шетел әншілеріне деген елдің құрметі туралы айтқан ол Бауыржан Ибрагимовтың сұхбаттағы сзөзіне мән берді.

«Неге бұндай әңгіменің тиегі ағытылып кетті? Өзіміздің өнер әлемінде (әлем деген де сол қу әсіре ғой) не боп жатыр екен деп Бауыржан Ибрагимовтың Сұлтанқызына сұхбатын көріп қалдым. Мына үзігінде Төреғалидің әлгі шуына байланысты пікір айтып отыр. «Сахна киесі бар. Оның құдыреттілігі соншалық, әртістеріміз мешітке бара алмай қалып жатса, любой театрдың сахнасына барып, табынып, басын иіп, Құранын оқып кетсе де қабыл болады» деп лағады. Лағудың да шегі бар шығар…, — деп жазды ол.

Егер Бауыржан айтқандай, сахнада кие болса, «Құдағи, бір партия» деп құда мен құдағидың арасын систематически азғырғаны үшін «последний патрон» иесінің шалбары түсіп кетер еді, әйтеуір бір күні. Егер сахнада кие болса, соған шөп шегіп, арақ ішіп, түрсиінің алды сары, арты қоңыр боп шыға салатын әншілердің жағы ажырап кетер еді.

Егер сахнада кие болса, соған шөп шегіп, арақ ішіп, түрсиінің алды сары, арты қоңыр боп шыға салатын әншілердің жағы ажырап кетер еді. Сахналық көйлегі қолтық жүні қырқылмаған жезөкшенің көншегіндей салдақы тектестерге бірдеңе болар еді. Ән ұрлаған, дауысын компьютермен зорайтқандар ше?

Сахнаға қатысты ырымдар бар, иә. Бір актриса бар еді, театрдың сахнасына адам сияқты амандасатын. Біреу оған тек оң жағынан шығу керек дейді, біреу сол жағынан – сонда қадамым сәтті болады дейді. Жарайды, ол. Бірақ, мен білетін сахнада кие жоқ. Сахнаның мәдениеті бар. Ал ол мәдениет әркімнің жеке мәдениетінің деңгейі. Басқа ештеңе де емес.

Ал желі қолданушылары журналистің бұл пікіріне түрлі пікірлерін білдіруде. Көпшілігі блогерді қолдап шықса, кей оқырмандар Бауыржанның керемет актерлігін сөз етіп, оның мұндай сөздеріне мән бермеуді сұраған.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »