Новости на Newstaraz.

Әлемге әйгілі қазақ композиторы «Борат» фильмінің авторымен дос болып шықты

newstaraz.kz

Марат Бисенғалиев. Фото: time.kz

Белгілі қазақ композиторы Марат Бисенғалиев атышулы «Борат» фильмінің авторымен дос болып шықты.

Бұл туралы журналист Әсия Бағдәулетқызының «Халық сөзі» газетіне жарияланған материалында айтылды.

Дәлірек айтқанда Марат Бейсенғалиев Саша Барон Коэннің туған ағасы Эрран Барон Коэнмен бірлесіп жұмыс істеген. Композитордың сөзінше, Эрран сол фильмнің музыкасын жазған адам, сондай-ақ ол фильмдегі Қазақстан әнұранының авторы.

Марат Бисенғалиев өз сұхбатында  Эрран Барон Коэнмен қалай танысқаны туралы айтып берді.

«Боратты» көрген соң намыстанып, «не істеуге болады?» деп ойладым. Ең дұрысы фильмнің авторларымен кездесу деп шештім. Саша Барон Коэннің өзін табу қиын болды, ағасы музыкант екенін білгенде телефонын тауып алып, сөйлестім. Кездесуге келгеніне таң қалдым. Бірден: «Сізге қазақ тақырыбында тапсырыс беріп, музыка жаздырғым келеді. Оны Sony компаниясы шығаруға келісіп отыр» дедім. Кездесуге Sony компаниясының басшысы Крис Крекермен келдім. Әрине, Эрран келісті. Кейін ол жазған «Зере» Лондонда жақсы қабылданды. Өкініштісі, Эрранды Қазақстанға келуге көндіре алмадым, ол түсінікті жағдай, мұнда келуге қорқады. Бірақ Эрранмен достығымыздың арқасында Саша Барон Коэн әдеби образынан бас тартты. Содан былай шоу-бағдарламаларында Борат болып шықпайтын болды. Біз үшін бұл үлкен жеңіс болатын. Өйткені Борат – Коэннің ең табысты образы», — дейді композитор.

Эрранның айтуынша, олар Қазақстанды random kanji яғни кездейсоқ таңдап алған. Фильм авторлары о баста Өзбекстанды алғысы келіпті. Бірақ «Өзбекстанды» айту қиын деп шешіп, «Қазақстан» деген сөздің әдемі естілетінін ескере отыра, осыған тоқталған.

Марат Бейсенғалиев бұл фильм түсірілмей тұрып Саша Барон Коэннің ұлыбританалық Channel 4 арнасында осы имиджді пайдалана бастағанын айтады. Композитор бұған тоқтау салу керектігін айтып, билікке де жеткізген екен. Бірақ ол кезде билік бұған мән бере қоймапты.

«Ең нашар жол кеуде соғып, сотқа жүгіру. Құдайға шүкір, Қазақстан олай істеген жоқ. Президент Боратты қонаққа шақырып, тіпті, «менің қонағым болсын», — деді. Мәсімов те Вашингтонда қалжыңдай салғаны бар. Байқасаңыздар, ұлы ұлттар өз өзіне күлгенді жақсы көреді. Шотландар, еврейлер өздері туралы жиі әзілдейді. Бірақ ұлттық намысы жоқ дей алмаймыз ғой? Біз бұл жолдан өттік және жақсы өттік», — дейді Марат Бисенғалиев.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »