Ұлттық бірыңғай классификаторға 8 мыңнан астам мамандық пен лауазым енеді — Б.Нұрымбетов
Жоба аясында сондай-ақ білім беру қызметтерін жеткізушілердің материалдық-техникалық базасын жабдықтау жоспарланған.
Қазақстанда мамандықтар мен лауазымдардың ұлттық бірыңғай классификаторы жасалып, ұлттық біліктілік жүйесі құрылады, деп мәлімдеді бүгін ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов «Еңбек машықтарын дамыту мен жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын іске қосу кезінде өткен салтанатты жиын барысында, деп хабарлайды zakon.kz, primeminister.kz таратқан ақпаратқа сүйеніп.
«Басты мәселелердің бірі кадрларды дайындау жүйесінде — өндіріс, еңбек нарығы мен білім беру арасындағы өзара әлсіз байланыс болып отыр. Аталмыш жобаны (Еңбек машықтарын дамыту мен жұмыс орындарын ынталандырыру жобасы) іске асыру аясында біліктіліктің ұлттық шеңберінің барлық 8 деңгейін қамтитын 550-ден астам кәсіптік стандарттар жасалып, бекітіледі. Сондай-ақ, ұлттық біліктілік жүйесі аясында нормативтік база қайта қаралады және арнайы оқыту арқылы ұлттық сарапшылар банкі қалыптасады», — деді вице-министр.
Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, жоба аясында мамандардың бірыңғай классификаторы жасалып, бекітіледі және олар «8 мыңнан астам мамандарды, жұмысшылар мен қызметкерлердің лауазымдарын біріктіріп, және бірыңғай стильде мамандықтарды ұйымдастыру үшін стандартталған құрылымды қамтамасыз етеді».
Б.Нұрымбетов кәсіптік стандарттар негізінде 173 білім беру бағдарламалары әзірленіп, бекітілетінін айтып өтті. Бұдан өзге, оның айтуынша, мұнай-газ, тау-кен, металлургия, туризм, машина жасау және құрылыс саласында арнайы тестілеу мен сертификаттаудың 5 орталығы, аталған орталықтардың пилоттық кәсіби органдары және жеке мамандықтарды сертификаттау тетіктері жасақталады.
«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін материалдық-техникалық базаны бағалауды қоса алғанда елдегі барлық жұмыспен қамту қызметтерінің қызметіне функционалды талдау жүргізілетін болады. Ауылдық округтердің жұмыспен қамту орталықтарының 4 мыңнан астам жұмыс орны жабдықталады», — деді вице-министр.
Жоба аясында сондай-ақ білім беру қызметтерін жеткізушілердің материалдық-техникалық базасын жабдықтау жоспарланған.
«Ол үшін барлық ел бойынша 64 колледж таңдалады, білім беруді ұйымдастыру үшін оқыту-өндірістік жабдық және оқытудың техникалық құралдарын алу жоспарланған, және барлық аймақтардан 2 мыңға жуық өндіріс шеберлері таңдалып, оқытылады», — деді Б.Нұрымбетов.
Сонымен қатар, бес жыл ішінде оқыту курстарында жұмыссыздар қатарынан 20 мыңнан астам адам, тиімсіз жұмыспен қамтылғандар, сондай-ақ жалдамалы жұмыскерлер оқытылады, деп мәлімдеді ҚР ДСӘДМ басшысының орынбасары.
Айта кетейік, еңбек машықтарын дамыту мен жұмыс орындарын ынталандыруды жобасын Қазақстан Үкіметі тарапынан 37 млн доллар көлемінде бірлесе қаржыландыру жағдайында Дүниежүзілік банк 100 млн доллар көлемінде қаржыландырады. Жобаны 2020 жылдың ортасына дейін жүзеге асыру жоспарланған.
Фото:yoga23.com
newstaraz.kz